Мұнай кеніштеріне зерделеу жұмыстары жүргізілуде

"Алғаш болып Құмкөл кенінің ашылуы Қызылорданың өнеркәсіптік аймаққа айналуына негіз болды. Сәйкесінше, өңірімізде мұнай-газ класстері қалыптасты. Сыр мұнайы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары аймақ экономикасының дамуына серпін берді. Алайда соңғы 6-7 жыл ішінде мұнай өндіру көлемі қысқарды. Оған себеп қолданыстағы кен орындары табиғи түрде сарқылуы. Осыған орай, үкіметтің қаулысымен Қызылорда облысының 2019-2022 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітіліп, жергілікті жердегі Шу-Сарыс, Арал және Сырдария шөгінді бассейндерінде геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде",- деді басқарма басшысы Ринат Қалдыбекұлы.
Айта кетейік, бүгінде өңірде мұнай өндірумен 10-ға жуық ірілі-ұсақты компания жұмыс істеуде. Олардың барлығы дерлік әлеуметтік жобаларды қолдау мен жергілікті жерге ұдайы көңіл бөлуде. Жыл сайын аз қамтылған отбасыларға, отбасылық типтегі балалар ауылына қол ұшын созуда. Сондай-ақ дәстүрлі "Мектепке жол" акциясына мұнайшылар әрдайым қолдау көрсетіп келеді.