» » «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жалғасатын болды

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жалғасатын болды



Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов айтты.
«Өздеріңіз білесіздер, пандемия кезінде мемлекет кәсіпкерлерге ауқымды қолдау көрсетті. Салықтан босатылды, несие бойынша төлемдер кейінге шегерілді, зардап шеккен салалардағы кәсіпкерлердің жоғары пайызбен алынған несиелері 6%-ға дейін субсидияланды»,­­­­­­­­—деген Палата директоры Мемлекет басшысының биылғы халыққа арнаған Жолдауында да кәсіпкерлер үшін бірнеше жағымды жаңалықтардың бар екендігін айтты.
Палата басшысы бизнес жобаларды жеңілдікпен несиелендіретін бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың ішіндегі бірегейі – «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы өзінің тиімділігін дәлелдегендігін жеткізді.
Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру барысында  Қызылорда облысында 10 млрд.теңгені құрайтын 121 жоба іске қосылған. Осы жобалардың шеңберінде 589 жұмыс орны ашылды. Бұдан бөлек 9 млрд.теңге тұратын 49 жоба қаралуда.  
«2019 жылдан бастап іске асырылып жатқан бұл бағдарлама биыл аяқталуы тиіс еді. Ел Президенті Жолдауда тағы бір жылға созылатындығын жеткізді. Оның үстіне «Бизнестің жол картасы» мен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына 1 триллионға жуық қаржы бөлінбек. Бұл өте жақсы жаңалық», — дейді Ғалымбек Жақсылықов.
Айта кетейік, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы іске қосылған 2010 жылдан бері Қызылорда облысында 105 млрд.теңгені құрайтын 2699 жоба мемлекет тарапынан қолдау тапқан. Биылдың өзінде 1094 жобаны қаржыландыру үшін 14,5 млрд.теңгеге жеңілдетілген несие берілді.
Жолдауда кәсіпкерлер көңілінен шыққан тағы бір мәселе ауыл шаруашылығы саласына қатысты. Мемлекет басшысы «Біздің аграрлық саясатымызда сабақтастық болмай отыр. Министр ауысса, саланың саясаты да өзгереді» деп сынға алған болатын.
«Расымен бұл агроөнеркәсіп саласындағы қанша кәсіпкердің көтеріп жүрген проблемасы. Соңғы жылдары осындай қадамдардың нәтижесінде субсидиялау ережелері жиі өзгеріп, шаруалардың алдағы жұмыстарын жоспарлау қиынға түсіп келеді. Бұл жөнінде кәсіпкерлер «Атамекеннің» алаңында да талай көтерді. Сала кәсіпкерлері субсидиялау ережелерін кемінде 4-5 жыл өзгертпеуді сұрауда. Ереженің жиі өзгеруі салдарынан кәсіпкерлердің шығынға ұшырағандары да бар. Мысалы, 2020 жылдың басында жергілікті кәсіпкер мал шаруашылығын субсидиялау ережесіндегі «Бордақылау алаңдарындағы бұқашыққа кеткен шығынның бір бөлігін өтеу» қағидасына сай 2 мың бастық бордақылау алаңын салып, қомақты инвестиция салды. Алайда, Ауылшаруашылық министрлігінің талаптарына сай бордақылау алаңы салынып болғаннан кейін ереже өзгеріп, кәсіпкер мемлекеттік қолдаусыз қалды. Сондықтан да Жолдаудағы аграрлық саясаттағы сабақтастық жөнінде орынды айтылған. Кәсіпкерлер ертеңіне сенімді болу үшін мемлекеттік қолдау шаралары түсінікті әрі тұрақты болғаны жөн», - дейді Кәсіпкерлер палатасының басшысы.
 Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауда жергілікті жерде микро қаржы ұйымдарының әлеуетін іске қосу қажеттігі туралы айтты. Бұл бағытта Қызылордада жақында «Atameken Qyzylorda» микроқаржы ұйымы құрылды. Аталмыш ұйым «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыған түлектердің жобасын қаржыландырумен айналысатын болады.
2017-2020 жылдары Қызылорда облысында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 8 927 адам оқу курсынан өтті. Олардың тек 39%-ы немесе 3495 түлек 3,4 млрд теңге көлемінде қаржыландыру алды. Алайда қаржыландырылған жобалардың 77% немесе 2685-інің негізгі қаржыландыру көзі қайтарымсыз қаржы -  гранттар болып отыр. Жобалардың тек 23%-ы ғана микронесие беру тетігі арқылы қаржыландырылған. 2021 жылы «Бастау Бизнес» жобасы аясында тағы 2500 адамды оқыту жоспарлануда, басым бөлігі оқытылды да. Бұрын қаржыландыру алмаған жоба түлектерінің 61%-ын ескерсек, жобасы қаржыландырылуды қажет ететін бастаулықтардың саны жобамен 7 мыңнан асып кетеді. Осы жағдайларды ескере келе, «Атамекен» тек қана «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыған азаматтардың жобасын қаржыландыратын арнайы микроқаржы ұйымын құру жөнінде бастама көтерген болатын. Қазір аталмыш ұйымдар барлық өңірде құрылды, соның ішінде біздің облыс та бар.
«Atameken Qyzylorda» микроқаржы ұйымында қазір 64 жоба қаралуда. Республика көлемінде бастаулықтардың жобасын қаржыландыруға 22,5 млрд.теңге бөлінген. Қызылорда облысының үлесі 1 млрд.теңге.
«Аталмыш қаржы жақын күндері түседі деп күтудеміз. Бұл қадам жоба аясында оқып, біліктілігін жетілдірген қызылордалықтардың әлеуетін тиімді қолданып, саланы дамытуға айтарлықтай үлес қосады деп сенеміз», —деген Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов енді Палата тарапынан Жолдаудан туындайтын міндеттерді кәсіпкерлермен бірге жүзеге асыру бағытында жұмыс жасайтындығын жеткізді. 
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
03 қыркүйек 2021 ж. 301 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031