» » Қызылордада «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде өңдеу өнеркәсібі үшін айналым қаражатын 100 %-ға дейін ұлғайтуды сұрайды

Қызылордада «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде өңдеу өнеркәсібі үшін айналым қаражатын 100 %-ға дейін ұлғайтуды сұрайды

Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес отырысында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы Жобалық кеңсенің жұмысын қарау барысында айтылды. Жобалық кеңсе жұмысын Кәсіпкерлер палатасы Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің бастығы Мұрат Балабаев таныстырды.
Хабарламашының айтуынша, «Қарапайым заттар экономикасының» жобалық кеңсесі өткен жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына берілген. Бағдарламаға қабылданған кезінен бері 6 рет толықтырулар енгізілген. Әр өзгеріс сайын бағдарлама жетілдіріліп, кәсіпкерлердің қызығушылығы арта түсуде екен. Бүгінде бағдарлама аясында екінші деңгейлі банктер кәсіпкерлерге несиені 15 пайызбен беретін болса, оның 9 пайызын мемлекет субсидиялайды. Кәсіпкерге берілетін ақырғы мөлшерлемесі 6 пайыз. Екі жыл бұрын 8 пайыз болатын. Несиелендіру мерзімі алғашқыда 7 жыл болса, қазір 10 жылға дейін созылды.
«Несиенің 50 пайызына дейін кепілдендіру енгізілді. Бұрын мұндай артықшылық болған емес. «Даму» қоры банктен алынған несиелерге ғана беріп келген болатын. Бағдарламаға Аграрлық-несие корпорациясы енгізілген кезде де кепілдендіру тетігі болған емес. Жақында бағдарламаға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» Қоры кепілдендіру мәселесімен енді. Осының арқасында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды кепілдендіру мүмкіндігі туды. Бүгінде «Қарапайым заттар экономикасында» несие мерзімінің үш кезеңіне дейін жеңілдік кезеңі бар. Айналым қаражатын толықтыру алғашында 30 пайыз еді, 50 пайызға дейін ұлғайтылды. Енді Ұлттық банкке бағдарлама аясындағы айналым қаражатын 100 пайызға дейін ұлғайтуды ұсынып жатырмыз», - дейді Мұрат Балабаев.
Палата маманы бағдарламаға алғашында 365 тауарлар мен қызметтерді ғана қаржыландыру жоспарланса, соңғы өзгерістерге сай бұл сан мыңнан асқандығын айтты. ОКЭД-тер саны 65 болса, қазір екі есе өсіп, 142-ге жеткен.
Өңірлік кеңес мүшелері отырыста несие алған кәсіпкерлердің кәсібі кедергісіз жұмыс жасауы үшін инфрақұрылымға қатысты мәселелерді шешуде мемлекеттің көмегі қажет екендігін, сондай-ақ мемлекеттік бағдарлама аясында берілетін 6 пайыздық несиенің өзі өңдеу өнеркәсібімен айналысушылар үшін айтарлықтай салмақ салатынын, сол үшін екінші деңгейлі банктермен бірлесе тиімді шешім қабылдау қажеттігін айтты.
Айта кету керек, Қызылорда облысы бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына қатысуға кәсіпкерлерден жалпы құны 14,7 млрд.теңгені құрайтын 164 жоба түсіп, оның ішінде 8,7 млрд.теңге сомасындағы 108 жоба мақұлданған, 14 жоба қаралуда. Қалған жобалар бойынша құжаттар жинақталуда.

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
16 қазан 2020 ж. 555 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 187

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 145

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 304

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930