» » Бас прокуратура: Жалған ақпарат тарату қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады

Бас прокуратура: Жалған ақпарат тарату қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады



ҚР Бас прокуратурасы БАҚ пен әлеуметтік желілерде арандату және жалған материалдарды тарату жағдайларына байланысты мәлімдеме жасады. Мәлімдеме ведомствоның сайтында жарияланды.
«Соңғы кездері БАҚ пен әлеуметтік желілерде арандатушылық және жалған материалдарды тарату жағдайлары жиілеп кетті. Мұндай ақпараттық хабарлар вакциналау мен босқындардың келуінен бастап, тіл мәселесіне дейінгі әртүрлі тақырыптарды қамтиды. Жалған жарияланымдар болып жатқан оқиғаларды бұрмалайды, халықты жаңылыстырады», – делінген ведомство хабарында.
Мысал ретінде прокуратура жекелеген адамдар дәрігерлер мен ғалымдардың құзыретті пікірлерін елемей, COVID-19-ға қарсы вакциналардың қауіпі мен тиімсіздігі туралы негізсіз жариялайтынын келтіріп отыр.
«Кейбіреулер Конституцияда кепілдік берілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына – шығу тегіне, ұлтына және тіліне байланысты кемсітушілікке жол берілмейтініне ашық түрде қол сұғады. Сонымен қатар аталған құқықтар мен бостандықтарды бұзу және шектеу, көрінеу жалған ақпарат тарату Қылмыстық кодекстің 145, 174, 274-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады», – делінген мәлімдемеде.
Осыған байланысты Бас прокуратура азаматтарды заңнаманы мүлтіксіз сақтауға, арандатуға бой алдырмауға, жалған хабарламаларға ден қоймауға және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды.



22 тамыз 2021 ж. 735 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 369
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930