» » Әскери қызметшілердің жалақысы екі есеге өсті

Әскери қызметшілердің жалақысы екі есеге өсті



Шекара қызметінде заман талабына сай ауқымды реформа жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік шекараны мінсіз күзету мақсатында кадрлық құрамды нығайту, заманауи арнайы техникалық құралдарымен жабдықтау, шекара бөлімшелеріндегі жеке құрамның қолайлы тұрмыстық жағдайларын жасау мен жақсарту сияқты кешенді шаралар біртіндеп жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ, әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайлары, соның ішінде жалақылары да екі есеге өсті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде шекарашылар күніне орай өткен арнайы брифингте ҚР ҰҚК ШҚ Қызылорда облысы бойынша Департаментінің Тәрбие, идеологиялық және кадрлар жұмыстары бөлімінің аға офицері Өмірбек Аманбаев мәлімдеді.
«Мемлекеттік шекараны күзетуді ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері қайта қарастырылып, әскериден жедел әдіс қызметіндегі жаңа форматқа ауыстырылды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүйесіне толықтай интеграцияланып, нәтижесінде әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайлары, соның ішінде жалақылары екі есеге өсті. Департаменттен жергілікті азаматтар қатарынан жасөспірімдерді келісімшарт бойынша әскери қызметке шақыруға арналған арнайы топ құрылып жұмыс жасауда. Реформаны іске асыру барысында үміткерлерді іріктеу және зерделеуді сапалы ұйымдастыру мақсатында тәрбиелік идеологиялық және кадрлар жұмысы бөлімінің лауазымды тұлғаларымен бірегей үлгідегі жобасы әзірленіп, іске асырылды. Сонымен қатар, пандемияға байланысты шектеулерге қарамастан қазіргі таңда ел аумағында заңсыз еңбек етіп жатқан шетелдік мигранттар аз емес. Бұл бірінші ретте экономикамыздың тұрақтылығына кері әсерін тигізуде. Жыл басынан бері 11 адам анықталып, әкімшілік құқық бұзғандары үшін жауапқа тартылды», – деді Өмірбек Амангелдіұлы.
19 тамыз 2021 ж. 461 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 398
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 200

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930