» » Індетке жүкті әйелдер де шалдығып жатыр

Індетке жүкті әйелдер де шалдығып жатыр

1 тамызда өңірде КВИ инфекциясын жұқтырған 238 адам тіркелсе, 2 тамыз күні науқастанғандар саны 356 адамға жетті. Соңғы күннің дерегі бойынша Алға, Мұғалжар, Мәртөк, Хромтау аудандарында КВИ-ге шалдыққандар саны күрт өсті. Бүгінде өңірде КВИ жұқтырған 960 науқас ауруханаға жатқызылса, 6 594 адам үй карантиніне алынды.


Санитарлық-эпидемиялық ба­қы­лау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаеваның хабарлауынша, қаладағы тойханалар мен мейрамханаларда жасырынып той өткізіп, ас беру тоқтар емес. Өткен аптада мониторингтік топтар 55 нысанды жоспарсыз тексеріп, карантин тәртібін бұзған кәсіпкерлерге 8 млн теңгеден аса айыппұл салды. Жалпы жыл басынан бері карантин ережесін бұзған кәсіпкерлерге 60 млн теңгеден аса айыппұл салынған еді.
Ақ­төбе қаласында КВИ науқас­тарын облыстық фтизиопуль­моно­логиялық орталық, теміржол ауруханасы мен Ақтөбе медицина орталығы қабылдайды. Дәл бүгінде осы үш емдеу мекемесіндегі кереуеттер жүктемесі 80 пайыздан асса, реанимациялық кереуеттер жүктемесі 47 пайызға жетті. Ауруханаға жат­қызылған 960 науқастың 91-і реанимацияда, 12-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Мутацияға ұшыраған «Дельта» шта­мының таралуымен жүкті әйелдер мен балалар арасында да ауру көбейіп тұр. КВИ-ге шалдыққан 260 бала, 128 жүкті әйел дәрігерлер бақылауында тұрса, 47 жүкті әйел, 19 бала ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 5 әйелдің жағдайы ауыр. Облыстық денсаулық сақтау бас­қар­масы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров ауырғандар саны күрт көбейер болса, науқастарды жат­қы­затын жер де болмай қалуы мүмкін екенін айтады.
Облысқа жыл басынан бері 422 мың доза вакцина жеткізілсе, оның бірінші компонентін 227 681 адам (49 пайыз), екінші компонентін 145 912 (31 пайыз) адам салдырды. Осылайша өңір тұрғындарының 35 пайызы коронавирус инфекциясы бойынша толық иммундаудан өткен.
2 тамыздан бастап Ақтөбе қала­сын­дағы барлық емханаларда шұғыл жағдайдағы науқастар болмаса бар­лық амбулаториялық емдеу, скринингтер, жоспарлы медициналық тексерістер уақытша тоқтатылды. Енді учаскелік дәрігерлер науқас­тар­ды алдын ала жазылым бойынша қабыл­дай­ды.
Биыл жыл басынан бері өңірде 260 адам коронавирустан қайтыс болды. Шілдеде осы індеттен марқұм болған­дар­дың саны 43-ке жетті. «Дельта» штамының адамдар арасында жедел таралуына байланысты дәрігерлер тұрғындардан барынша сақтық ша­ра­ларын сақтауды өтініп отыр. Пан­де­мия басталғаннан бері Ақтөбе об­лы­сының 17 017 тұрғыны коронави­рус инфекциясына шалдығып, 12 861 науқас жазылып шыққанын айта кет­кен жөн.

05 тамыз 2021 ж. 294 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031