» » Мониторингтік топтың жұмысы күшейтілді

Мониторингтік топтың жұмысы күшейтілді

БІР ЖЫЛДАН АСА УАҚЫТТАН БЕРІ БҮКІЛ ӘЛЕМ КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСІП КЕЛЕДІ. ОҚШАУЛАНУ АРҚЫЛЫ ҒАНА АУРУДАН САҚТАНА АЛАТЫНЫМЫЗДЫ О БАСТА-АҚ БІЛСЕК ТЕ ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒЫМЫЗ ЖОҚ. ВИРУС ЖҰҚТЫРМАЙМЫН ДЕП ТӨРТ ҚАБЫРҒАҒА ТЕЛМІРІП ТАҒЫ ОТЫРА АЛМАЙМЫЗ. ТІРШІЛІГІМІЗДІ ЖАЛҒАСТЫРЫП ЖАТЫРМЫЗ. ДЕСЕ ДЕ РҰҚСАТ ЕТІЛМЕГЕН ТОЙ МЕН ЖИЫН, БАСҚОСУДАН ТИЫЛА АЛМАЙ КЕЛЕМІЗ. БЕТПЕРДЕ ТАҒУДАН ДА ШАРШАҒАН СЫҢАЙЛЫМЫЗ. ЕЛІМІЗДІҢ ӘР АУМАҒЫНДАҒЫ АХУАЛҒА БАЙЛАНЫСТЫ БАС САНИТАР ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ БІРНЕШЕ ҚАУЛЫСЫ ШЫҚТЫ. ОНДА КӨРСЕТІЛГЕН ТАЛАПТАР ОРЫНДАЛУ ҚАЖЕТ. АУДАН АУМАҒЫНДАҒЫ ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ МЕН САНИТАРЛЫҚ НОР­МАЛАРДЫҢ САҚТАЛУЫН БАҚЫЛАУ МАҚ­СА­ТЫНДА МОНИТОРИНГ ТОБЫ ҚҰРЫЛҒАН.

Аудан әкімінің орынбасары Жарқын ­Омаров бастаған топта ішкі саясат, полиция, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі мен Жосалы кенті әкімшілігінің өкілдері бар. Аталған топ инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау, санитарлық талаптардың қатаң сақ­талуын қамтамасыз ету мақсатында кент орталығындағы кәсіпкерлік нысандарға күн сайын рейд жүргізеді. Олай етпеске амал жоқ. Эпидемиялық ахуал ушығып келеді. Газетіміздің өткен нөмірінде ғана ауданның бас дәрігері Бақытжан Нысанбаевпен сұқбат жарияланды. Сонда айтылғандай күн са­йын вирус жұқтырғандар саны артып отыр. Қазіргі таңда аудандық орталық ауруханада Covid-19 жұқтырған 97 адам ем алып жатыр. Оның ішінде 5 адам жансақтау бөлімінде. Ауру жұқтырушылардың бәрі де вакцина алмаған. Денсаулық сақшылары тұрғындардан санитарлық талаптарды қа­таң сақтауды және саналы түрде вакцина қабылдауды сұрайды.
Коронавирус инфекциясына қарсы күресте аудан әкімінің өкімімен мониторинг топ құрамы бекітілген. Топ барлық ауылдарда, кенттерде жұмыс істеуде. Жыл басынан бері мониторингтік топтар шектеу іс-шаралардың сақталуына бақылау жүргізу барысында 319 рет түсіндірме іс-шарасын ұйымдастырып, 1441 нысан ара­лаған. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425 бабының 1 тармағы бойынша 56 хаттама толтырылып, айыппұл салынған. Мониторингтік топ құрамымен түсін­дірме жұмыстары әлі де жалғасын табуда. Аудан бойынша коронавирус инфекциясының нақтыланған диаг­нозы­мен 349 жағдай тіркелді. Барлық ауру ошақтарында уақытылы індетке қарсы және эпидемиологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Шектеу және карантиндік шараларды күшейту туралы» 2021 жылдың 16 шілдедегі №21 қаулысына сәйкес, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Мониторинг топтың атқа­ратын жұмыс жоспарына сәйкес, халық көп шоғырланатын сауда орталықтарда, базарда, тамақтану орындарында, Халық банкі, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Қазпошта мекемелерінде, адам тасымалымен айналысатын (такси), қалааралық автобустар тоқтайтын аялдамада, диспетчерлік пункте инфекцияның таралуын болдырмау, алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізіліп, үнпарақтар таратылып келеді.
Ауданда «Ашық» жобасы бо­йынша 47 нысан QR код алған. Елімізде қалыптасқан пандемиялық жағдайда ха­лықты дүрбелеңге бой алдырмай, сақтық шараларын қатаң ұстануға шақыру ба­ғытында жыл басынан бері «Facebook» әлеуметтік желісіндегі «Қармақшы ауданы», «Open Qarmaqshy» парақшалары Covid-19 вирусына қарсы вакцина салдыру жөнінде 115 мақала, сақтық шаралары және мониторингтік топтардың атқарып жатқан жұмыстары бойынша 402 мақала мен инфографика жарияланған. Сондай-ақ жергілікті «Қармақшы таңы», «Бәйтерек» газеттері халыққа тұрақты түрде ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.
Елде барлық қатаң шектеу шаралары қабылдануда. Мониторингтік топ­тардың да жұмысы күшейтілді. Өз­геге де, өзімізге де зия­нымыз тимесін десек, талапты орындауы­мыз, вакцина қабылдауымыз, той-жиынды тоқ­татуымыз міндет. Жүргізіліп жатқан барлық жұмыстың мақсаты бір. Ол – халық саулығы, ел амандығы.

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
31 шілде 2021 ж. 459 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031