» » Вакцина: Жалған паспорт жарға жықпасын

Вакцина: Жалған паспорт жарға жықпасын



Соңғы уақытта Қазақстанда вакцина паспорттары мен ПТР-тесттерді қолдан жасау бойынша 65 қылмыстық іс қозғалған. Мұның соңы неге апарады?
Бұл жайында Ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбек баяндап берді. Қазір барлық қабылданған шектеу шараларына қарамастан, вирус жұқтырушылар саны күн сайын артуда. Оның айтуынша, ІІМ-нің аса алаңдатарлық эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы аурумен байланысты барлық қылмыстық көріністер назардан тыс қалмауда. Соның ішінде, жалған ПТР тестілері мен вакцина пас­порттарын қолдан жасау және пайдаланушыларды анықтау бағытындағы жұмыстар белсенді жүргізіліп жатқанын айтып өтті.
Оның айтуынша, вакцина­ция­ланбаған азаматтар корона­ви­рус­тың таралуына жағдай жасап, басқаларға жұқтыру қаупін жоғарылатады. Тергеу бөлімшелерінің өндірісінде ПТР-тестілерді қолдан жасау, дайындау немесе өткізу бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша 42 қылмыстық іс қозғалған. Оның ішінде 39-ы ағымдағы жылы тіркелген.
– Вакцинация паспорттарын қолдан жасау фактілері бойынша ағымдағы жылы 23 қылмыстық іс тіркелді, тергеу жалғасуда. Қолдан жасалған құжаттардың саны және әрбір іс бойынша заңға қайшы әрекеттерге қатысушылардың саны да әртүрлі. Бұлар тергеу нәтижелері бойынша нақтыланады, – дейді Шұғыла Тұрлыбек.
Сонымен қатар, ішкі істер органдары жалған ПТР-анықтамалар мен вакцина паспорттарын сату фактілерін анықтау бойынша түрлі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Ал анықталған жағдайда оған тағылар айып та бар. Мәселен, жалған құжат жасағаны үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Полиция қызметкерлері меди­циналық орталықтарды, емханаларды, вакцина алу пункттерін тексеруді жалғастыруда. ІІМ жалған құжат жасағаны үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу көзделгенін еске салды.
Айта кеткен жөн, 25 шілдедегі дерек бойынша, елде 6637 адам індет жұқтырса, Қызылорда облысында 168 адам тіркеліп үлгерді.
Айнұр ӘЛИ
27 шілде 2021 ж. 692 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031