Құрылтай
» » Айт намазын мешіттерде оқуға тыйым салынды

Айт намазын мешіттерде оқуға тыйым салынды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігер Сархат Бейсенованың жаңа қаулысында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.


Құжат мәтінінде қаулыны «Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы, Нұр-Сұлтан қаласының діни істері басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының діни бірлестіктерінің басшылары, Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларының басшылары басшылыққа алу керектігі айтылған.
«Мешіттер аумағында ашық ауада өткізілетін іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде «Айт намазы» ұжымдық намазын өткізуге тыйым салынсын. Және «Құрбан айт» мерекесіне арналған бұқаралық іс-шараларды өткізуге және қатысуға, оның ішінде үйде де өткізуге тыйым салынсын», делінген қаулы мәтінінде.
Құрбандық шалу рәсімін qurban2021.kz сайты арқылы онлайн режимде күшейтілген шектеулерді сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуын болдырмай, міндетті түрде бетперде кию мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, арнайы мал сою пункттерінде ұйымдастыру қажет.

15 шілде 2021 ж. 876 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 667
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 120

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31