» » Наурыз мерекесі тойланбайды

Наурыз мерекесі тойланбайды


Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері биыл қалада наурыз мерекесі тойланбайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz


Қаланың бас санитары Сархат Бейсенованың айтуынша, наурыз мейрамын жаппай тойлауға тыйым салынды. Себебі індеттің таралуына шектеу қою мақсатында бұқаралық іс-шараларға шектеу қойылған.
«Қала тұрғындары санитарлық шараларды қатаң сақтауға тиіс. Демалыс, мереке күндері мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі. Адамдар көп жиналатын орындарға барудың, бетпердесіз жүрудің науқас адамдармен байланыста болудың соңы азаматтардың денсаулығына кері әсер етеді. Осыны қаперде ұстау қажет», деді Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.
Айта кетейік, 10 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша «Қызыл аймаққа» енді.
«Пандемия басталғаннан бері Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырудың 26 124 жағдайы тіркелді. Бүгінге дейін 24 мың 309 науқас жазылды», деді Сархат Бейсенова.

13 наурыз 2021 ж. 920 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 308
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 837

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930