Бір тәулікке қамаққа алынды
Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігі бойынша азамат Г.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, азамат Г. бұрын көшеде алкогольдік ішімдігін ішіп, адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде болып, әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам бола тұра, 2021 жылғы 12 маусым күні сағат 18:15 минут шамасында Жосалы кентінде алкоголь ішімдігін ішіп, масаң күйде жүріп, құқық бұзушылық әрекетін жасаған.
жасаған.
Сот отырысында азамат Г. кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкініп, өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Қармақшы аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы Г. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігімен құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ол 1 (бір) тәулік әкімшілік қамаққа алынды.
Қаулы заңды күшіне енген.
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі