» » Бір тәулікке қамаққа алынды

Бір тәулікке қамаққа алынды


Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігі бойынша азамат К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат К. бұрын көшеде алкогольдік ішімдігін ішіп, адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде болып, әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам бола тұра, 2021 жылғы 14 ақпан күні сағат 21:05 минут шамасында Жосалы кентінде, алкоголь ішімдігін ішіп, масаң күйде жүріп, құқық бұзушылық әрекетін жасаған.

Сот отырысында азамат К. кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкініп, өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Қармақшы аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы К. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігімен құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ол 1 (бір) тәулік әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
22 ақпан 2021 ж. 634 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 166
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 811

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031