» » Гүлшара Әбдіқалықова: Мал басының барлық түрінен өсім байқалып отыр

Гүлшара Әбдіқалықова: Мал басының барлық түрінен өсім байқалып отыр



Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова елордада өтіп жатқан баспасөз конференциясында өңірде мал шаруашылығын дамыту мақсатында жүйелі жұмыстар жүріп жатқанын айтты.
«Мал басының барлық түрінен өсім байқалып отыр. Атап айтар болсақ, мүйізді ірі қара – 3,9%, қой – 8,5%, жылқы – 10,4%, түйе – 7,1%, құс – 6,1% құрады. Бұл ретте, жайылымдық жерлердің тиімділігін арттыруға айрықша басымдық берілуде», – дейді облыс әкімі.
Сонымен қатар балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі аймақтық бағдарламасы жүзеге асуда.
Бұл тауарлы балық көлемін 16 мың тоннаға дейін жеткізе отырып, 100 еседен артық көбейтуге, ал, балық өнімдерінің экспортын 2 есе – 8,5 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
«Алдағы 5 жылда Агроөнеркәсіптік кешен саласында жалпы құны 58 млрд теңгеге 76 инвестжобаны жүзеге асыруды жоспарлаудамыз. Оның 42-сі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. 2021 жылы 8,7 млрд теңгеге 21 жоба жүзеге асырылады. Жыл басынан бері 8 – егін шаруашылығында 4, бал арасын өсіруде 2, мал шаруашылығында 2 жоба жүзеге асты», – дейді аймақ басшысы.


10 маусым 2021 ж. 469 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10448)

21 қазан 2025 ж.

№79 (10447)

18 қазан 2025 ж.

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 707
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 448

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031