» » Ата, қайдасың?

Ата, қайдасың?


Аппақ сақалы, басында тақиясы, аяғында қонышты мәсісі, өзі құрап тіккен қалың жәкеті үйлескен Әлдебай ақсақал бүгін тағы есік алдында отыр. Өткен-кеткеннен жағдай сұрайтын ол танымағанын қасына шақырып «Кімнің баласысың?» дейді. Таныған соң жөніне жіберіп, екіншісін күтеді.
Бірде көрші апа көмек сұрап келді. Айтуынша, ұлы білместікпен ұрлық жасапты. Жас жігіттің мұндай қадамға баруы алғаш рет екен. Ал тоналған кісі арызданбақшы. Өйтпегенде қайтсін, жинаған азын-аулақ ақшасына қызын ұзатпақшы екен. Солай ұрының анасы атама келді. Басу айтыңыз деп есік алдынан кетпей қойды. Әл-қуаты таусылған атам келісті де ескі таяғына сүйеніп әлгі үйге барды. «Алдыңа келдім, әкеңнің құнын кеш» деді ақсақал өктем дауыспен. Басу айтып, сабырлыққа шақырған ата екі тарапты табыстырды. Жас жігіт те қолының сұғанағын қойып, өзін жеңе білді. Көршілер де бұрынғы қалыпқа келіп, араласуын тоқтатпады.
Кейде ойланамын. Сол кездегі аталардың «Тәйт» дегенінен-ақ жым-жырт болатын едік. Қазір бала үлкенді тыңдай алмаса, үлкені кішісіне жөн сілтей алмайтын күйге жеттік. Біздің аталар үлкен аста жиналса өсиет айтатын. Қазір екі адамның басы қосылса айтатыны – саясат. Біздің аталар қолға су құйғызып, еттен асатушы еді. Қазір бір-бірімізден жеритіндей күйдеміз. Біздің аталар түйткілді мәселені шешуде сабырлығы мен үлкендігін ту ететін. Ал қазір қағаз бен қаламның құрсауынан шығалмайды кейбірі. Біздің аталар кішкентайымыздан сүре жаттатып, имандылыққа баулитын. Қазір немересін қалтафоннан ажырата алмай әлек. Өзгерген заман ба?
Салмақты болмысы, сараланған сөзі, құлаққа құйған өсиеті, айтқан ақылы мен нақылы, ең бастысы – мүңкіген ата иісі әлі өзіме сезіледі. Тек қиялмен, оймен ғана. Сағынады екенсің, жабығады екенсің. Қазіргі заманда ауадай қажет «институтым-ай». Ата, қайдасың?...

Айнұр ӘЛИ
03 маусым 2021 ж. 582 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031