» » Күлше көметін келіншек

Күлше көметін келіншек


Ауыл ішінде маршруттың уақытылы жүретіні қандай керемет. Діттеген жеріңе мініп аласың да аттанасың. Онымен қоймай жолаушымен әңгіме-дүкен құрып, жол қысқартасың. Бірде жаныма орта жастағы, арықша келген, бидай өңді келіншек отырды. Ә дегеннен ақтарыла кеткен жан пысықтығымен таң қалдырғаны бар.
– Түскі үзіліс арасында үйге барып, тірлігімді бітіріп, қайта жұмысқа үлгеруім керек, – деді ол.
– Қалалық жерде «әбед» дегенді үйден ішетіні аз шығар, – дедім мұны не үшін бастағанымды да білмей.
– Алыс, мүмкін үлгермейді, – деді ол сөзімді жалғай.
– Дайын, тез әзірленетін тамақты жей салады ғой, – дедім тағы да.
– Оның рас. Ауылда тұрған соң үйіміз де онша алыс емес. Бәріне үлгеруге тырысамыз, – деді келіншек.
Иә, біздің диалог осылай басталды. Әңгіменің тіні тарқаған сайын өмірге деген мотивацияның бойыма қалай құйылғанын білсеңіз ғой. Кейде асығыс-үсігіс жолай дүкенге соғып, нан мен сүтті ала саламыз. Қолдан пісіруді бірде жасасақ, бірде үлгермейміз. Толып жатқан сылтау. Осындайда үлкендер «біздің кезімізде» деп бастайды ғой әңгімесін. Ал мен кезіктірген келіншек әлі бұрынғының көзіндей. Ол – 47 жастағы Гүлжан Сайлаубайқызы еді. Көпбалалы ана жұмысымен қатар үй тірлігіне жанын берген. Уақытылы тамағы, келген-кеткен қонақты жайғау, өзгелерге көмекке бару, түрлі тәтті-пәттісін пісіру оған жат емес. Бір қызығы, қолдан нан жабудың шебері. Күнде-күнде осы тірлік қайталана береді. Тіпті бір күнде екі рет нан көмуге тура келеді. Өйткені отбасындағы 7 ер азаматқа ас ұсыну осы келіншектің мойнында.
– Кішкентайымыздан еңбекке жақын өстік. Дала жұмысымен қатар үй тірлігін сол бала шақтан игеріп әкеттік. Шаңырақ көтергенімізге 30 жылға жуық уақыт болыпты. Осы аралықта барлық өнім табиғи, қолдан жасалғанын қаладым. Күнделікті қолдан нан көміп, тәтті-пәттімді дайындап, үйдегілердің көңілі де, қарны да тоқ болуын ойлаймын. Қазір шоқтың орнын тоқ басты. Шәйнек дайын газда қайнап тұр. Қолмен жуатын кірді техника тап-тұйнақтай етіп береді. Енді «үлгермеймін» деп қалай айтады? Ебін тапса, ниеттенсе бәріне үлгеруге болады. Бұйырса шаңыраққа келін түсірсек, бәрін де осыған баулимын, – дейді ол.
Расымен, бала күнімізде әжеміздің көмген ыстық нанын рахаттана жеуші едік қой. Иісі мұрынды жарса, дәмі ауыздан кетпестей еді. Жоқ емес. Ауылда тұрған соң қолдан нан жабады талайы. Бірақ күніне екі-үш мәрте ашыту, оны көму кәдімгідей жұмыс. «Үйдегі толған жігіттерге тездетіп келін әкеліп, қолымды ұзартсаңдаршы деп өкпелеп аламын кейде» дейді ол сөз арасында.
Бүгінде Гүлжан Серікбаева жұбайы Ғалымжан Айбытовпен бірге 6 бала тәрбиелеп отырған бақытты отбасы.

Түйін
Маршрут іші тып-тыныш. Біз айтқан әңгіме де мәресіне жеткендей. Діттеген жерге жеткен келіншек қош айтысып жөнімен кете барды. Ойланып қалдым...

Айнұр ӘЛИ
01 маусым 2021 ж. 696 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031