» » Талпыныс тас жарады

Талпыныс тас жарады


Тұрмағамбет ауылында тумысынан екі қолы мүкіс Нышан есімді шебер бар. Қазір жасы 60-қа таяған ол ауыл аймақты таңқалдырумен келеді. Ағамыз үй шаруа­сы түгілі көптің қолынан келе бермейтін ұсақ-түйегі көп сағат, теледидарды жөндейді. Тіпті қос қолын аяғымен алмастырған кейіпкеріміз ауыл арасында көлігін де өзі тізгіндейді.
– Сағат жөндеуге құмарлығым бала кезден оянды. 3-4 сынып оқып жүргенімде оңдап үйрендім. Тек оны ермек үшін жасадым. Аяғыммен шұқылап, соған қалыптасып кеттім. Кейін қыр-сырына қанығып, ауылдағы сағаты бұзылғандардыкін жөндей бастадым. Жұмыс кезінде жинай алмасам миым тыныққан кезде қайта келіп, магнитпен тартып отырып әрбір затын орнына саламын, – дейді Нышан Сексенов.
Кейіпкеріміз бұл үшін оқу оқымаған. Бірақ жөндеген сағаттары сапалы. Жасаған еңбегіне қымбат ақы сұрамайды екен. Оған жерлестері мұндай өнеріне ризашылдығын білдіруде. Нышан ағамыз отбасындағы екінші перзент. Ата-анасы баласының мүмкіндігі шектеулі екеніне қарамастан мектепке оқуға берген. Білімге құмарлығы арқасында ол әріп танып, са­уатын ашқан. Жазуды да башпайымен жазып, әбден машықтанған. Осындай күш-жігері мен талпынысының арқасында мектепті толықтай тәмамдапты.
– Баламды ең болмаса хат танысын деп мектепке бердім. Сөйтіп ол 10 сыныпты бітірді. Жазуды аяғымен жазады. Ал айтқан сөзі, ақыл есі өте жақсы. Бірақ қолым мүкіс екен деп тоқтап қалған жоқ. Қолынан келген өнерімен ауыл адамдарына, қоғамға пайдасын тигізуде, – дейді анасы Жанай Әзірбекова.
Жоғарыда айтып өткендей ағамыз сағат жөндеуден бөлек көлікке туған жақындарын отырғызып, той-томалаққа апарады. Икемді башпайларымен көлікті оталдырып, діттеген жеріне кете береді. Ол өзін жауапты жүргізушілердің қатарына қосады.
Титімдей кезінен басына түскен тағдырына налымаған Нышан бауырымыз рухани жағынан өзін төмен тастап көрген емес. Қашан көрсеңіз қозғалыс үстінде, еңбек майданында. Материалдық жағдайды сеп қылып қоғамнан шеттеп жүретін өрімдей азаматтар осы кісіден өнеге алса екен?!
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
15 мамыр 2021 ж. 614 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031