» » Ойды оқитын құлаққап жасалды

Ойды оқитын құлаққап жасалды


Ойды оқуға арналған құлаққап жасалды. Бұл құрылғы Enten деп аталады. Әдеттегі біз пайдаланатын құлаққапқа ұқсайды, бірақ онда мидағы нейрондар тудыратын электрлік сигналдарды қадағалайтын датчиктері бар.

Ол адам назарын бір жерге аударғанда ми толқындарының қандай болатынын білуге арналған машиналық оқыту алгоритмдерін қолданатын қосымшамен бірге жұмыс істейді.

Содан кейін жүйе хабарландыруларды өшіре алады, тыныштандыратын ақ шуды қосады немесе "ойды қуаттау" үшін үзіліс жасауға шақырады. Осылайша құлаққап сізге психикалық үзіліс қажет болған кезде анықтайды.

Neurable бас атқарушы директоры Рамзес Алкайд бұл құрылғыны жол апатында аяғынан айырылғаннан кейін өзіне протез ойлап тапқан нағашы ағасының ісінен шабыт алып жасаған.

"Мені инженерлік әзірлемелер адамның ұтқырлығы мен әл-ауқатын қалай жақсартатыны қатты қызықтырды. Осы процесте адамдардың көптеген мәселелерін басқару орталығы – миымен жұмыс істеу арқылы шешуге болатынын түсіндім. Адамдар күніне тек екі-үш сағаттан жоғары өнімділікке ие деген теорияны негізге ала отырып, Enten үзіліс ұсынады, хабарландыруларды бұғаттайды және шуды азайтады, сондықтан пайдаланушылар күні бойы жұмысқа назар аудара алады", - дейді ол.

Болашақта құрылғы адамның жағдайын басқа факторлар арқылы анықтайды. Осы мәліметтер негізінде құлаққап ойнату тізіміндегі музыканы өз бетінше таңдайды. Қазір құлаққаптың құны 279 доллар (119 мың теңге).

11 мамыр 2021 ж. 1 069 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 415
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930