» » Әскерилердің балалары арасында сурет салудан байқау өтті

Әскерилердің балалары арасында сурет салудан байқау өтті


Қызылорда қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасында Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне арналған «Отан – отбасынан басталады» атты әскери қызметшілердің балалары арасында сурет салу байқауы ұйымдастырылды.

Әскери қызметшілердің балалары өз туындыларын «Менің әкем – менің қаһарманым!», «Қазақстан – бейбітшілік ұясы» және «Бабалар ерлігі – мәңгі есімізде» деп аталатын 3 номинация бойынша ұсынды. Сурет салу сайысына 3-6 жас аралығындағы мектеп жасына дейінгі балалар, 7-13 жас аралығындағы оқушылар және 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты. Сайыстың талабы бойынша әрбір қатысушының шығармашылық жұмысы 3 данадан аспады, яғни, әр номинацияға бір жұмыс ұсынылды.
Байқаудың негізгі мақсаты – келер ұрпақтың бойында Отанға деген махаббат пен рухты ояту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, дарынды жастарға қолдау көрсету және балалардың бойындағы төл тарихқа деген құрметін қалыптастыру.
-Сурет салу сайысы балалар үшін өте қызықты, жауапты байқаулардың бірі. Балалардың ішінде осыған дейін сурет салудан жүлдеге ие болғандары да кездесті. Бір қуантары қатысушы балалар саны алдағы сайыстарға қарағанда анағұрлым артқан. Балаларымызға тек жеңіс тілейміз, – деді Қызылорда қаласы ҚІЖБ әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастырушысы Ақгүл Бердібаева.
Әділқазы алқаларының шешімдерімен бес баланың салған суреттері жоғары бағаланып, сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды. Әрі қарай үздіктердің қатарынан көрінген туындылар Нұр-Сұлтан қаласына жөнелтіліп, жеңімпаздар анықталатын болады.

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
сержант Мұхит Қонаров
08 мамыр 2021 ж. 986 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031