» » Ардағын ардақтады

Ардағын ардақтады

Осыдан 10 жыл бұрын Қазақ-қырғыз шекарасында ел тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген шекарашы Ардақ Қазиев қайғылы қазаға ұшыраған еді. Жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ажал құшқан азаматтың есімі мәңгілік ұлықталмақ. Мереке күні қарсаңында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлері Ардақтың анасы Гүлсара Қалдыбекқызын құттықтап қайтты.
2011 жыл, 26 маусым. 28 жастағы жігіт кезекті шекаралық операцияға қатысты. Ірі көлемдегі ұрлық жанар-жағар майды құрықтаған «Борандықтар» Кеген асуы арқылы тәркіленген 7 көлікті отрядқа жеткізу керек болатын. Ардақ колоннадағы көліктердің ең соңғысының руліне отырды. Жүк көліктің тежегіші Кеген асуына келгенде істен шығады. Егер көліктер бір-бірімен соғысса ондағы барлық жауынгер ажал құшпақ. Ал ол болса еш ойланбастан өзі басқарған көлікті жол жиегіне қарай бұрады. Сол-ақ екен, қатты екпінмен барып жарға соғылған көлік демнің арасында отқа оранып шыға келеді. Ол тілсіз жаудың құшағына енген темір қауыздың ішінде қалып қояды. Мәңгілікке.
Отанның адал перзенті Ардақ Оразбекұлына ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені берілді. Алматыда Ардақ қызмет еткен әскери бөлімде оның ескерткіші орнатылды. Райымбек ауданында, аяулы ұл қаза болған жерде ескерткіш-құлыптас қойылған.
Айнұр ӘЛИ
07 мамыр 2021 ж. 713 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930