» » Жаңа қаулы: Балаларды сауықтыру ұйымдарының жұмысына рұқсат берілді

Жаңа қаулы: Балаларды сауықтыру ұйымдарының жұмысына рұқсат берілді



Бұған дейін «Ashyq» жобасына қатысты объектілерге (субъектілерге) шектеу шараларын белгілейтін №12 Қаулының күші жойылды.
Дегенмен “Ashyq” жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандардың қызметі ҚР Бас мемлекеттік сандәрігерінің 30.04.2021 жылғы №18 Қаулысымен реттеледі.
06 сәуірде қабылданған №13 Қаулыға сәйкес:
  • Балаларды сауықтыру ұйымдарының жұмысына белгіленген тыйым алынып тасталды. Енді бұл ұйымдар толтырылуы 30%-дан аспаған жағдайда белгіленген талаптарды сақтай отырып, қызмет көрсетуді бастай алады;
  • азық-түлік тауарларын сату бойынша супермаркеттер, гипермаркеттер жұмысына толымдылығы мен уақытына белгіленген шектеулер алынып тасталды. Бұдан былай аталған нысандар штаттық режимде жұмыс жасайды;
  • ашық аспан астындағы азық-түлік және азық-түлік емес базарларына белгіленген шектеулер алынып тасталды, енді бұл нысандар да штаттық режимде жұмыс жасай алады;
  • стрит-фуд (жеке тұрған шатыр/ларек/отыратын орны жоқ дүңгіршек) жұмыс кестесін штаттық режимде ұйымдастырады;
  • мекеме қызметкерлерінің жұмыс жасау нысанына қатысты да келесі өзгерістер енгізілді: міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес жұмыскерлерді қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады;
  • мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізуге рұқсат берілді.
Бұған дейін ғимарат ішінде орналасқан қоғамдық тамақтану орындары сағат 09.00-20.00 аралығында, ал ашық алаңдағы объектілер 09:00-22:00 аралығында жұмыс жасаған болатын. Жаңа Қаулыға сәйкес орналасқан жеріне қарамастан барлық қоғамдық тамақтану орындары сағат 09.00-20.00 аралығында, ал асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы 24.00-ге дейін ұйымдастырылады;
  • бір мезгілде 30 адамнан асырмай жинақтай отырып, облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізуге рұқсат берілді.
07 мамыр 2021 ж. 418 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

№81 (10449)

25 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 779
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 508

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930