» » Жастар үйіндегі тегін курс

Жастар үйіндегі тегін курс

Ағылшын тілі – қазіргі заманда жаһандық тіл. Сан алуан тілді меңгерген жанның ұтары да көп. Иә, қазір жастар арасында тілге деген қызығушылық бар. Әркім өз бетінше тіл үйреніп не болмаса арнайы курстарға барады. Әрине, курстың көбі ақылы негізде екенін білеміз. Ал жақында аудандық Жастар ресурстық орталығы жанынан тегін ағылшын тілі курсы ашылған болатын. Жастарға арналған оқыту курстарын ашудағы мақсат – өскелең ұрпақтың сауатты, жан-жақты, рухани дамыған, ұлтжанды болып қалыптасуына ықпал ету.
Ағылшын тілі курсына Нұрасыл Маратұлы жетекшілік етеді. Бүгінде онда 5 адам оқу үстінде. Барлығы – мектеп жасындағы оқушылар. Олардың болашақта таңдап отырған мамандығы осы ағылшын тілімен тығыз байланысты. Сабақ аптасында бейсенбі, жұма күні өткізіледі.
– Курс өз жұмысын 1 сәуірде бастады. Бүгінде 9 сабақты артқа тастадық. Соңғы екі аптадан бастап курс онлайн түрде өткізіліп жатыр. Курсқа тіркелген адамдар алғашқыда көп болды. Дей тұрғанмен мектептегі оқу жылы аяқталған соң мұндағы қатысушылар саны артады деп отырмыз. Сонымен бірге алдағы уақытта қосымша қытай тілі курсын қосуды жос­парлаудамыз, – дейді курс жетекшісі.
«Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің» дегендей тіл білгеннің артығы жоқ. Әрі шет тілін білу сән емес, заман талабы екені белгілі.
А.ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
02 мамыр 2021 ж. 427 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 385
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 177

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930