» » Жылдам әзірленетін кеспені қолданбаған жөн

Жылдам әзірленетін кеспені қолданбаған жөн

Ресейлік эндокринолог Екатерина Иванникова "Звезда" телеарнасына берген сұхбатында жылдам әзірленетін кеспенің қауіпі жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Маманның айтуынша, жедел кеспемен жиі тамақтану ағзадағы ақуыз жетіспеушілігін тудыруы мүмкін, бұл өз кезегінде адамның салмағы мен бұлшықет массасының қалпына теріс әсер етеді.
"Кеспені шектен тыс жеуге болмайды. Егер тек кеспе жесе, онда адам ақуыз жетіспеушілігіне байланысты қауіп-қатер тобына кіреді, бұл оның денсаулығына, салмағы мен бұлшықет сапасына әсер етуі мүмкін", - деді Иванникова.
Айтуынша, дәмдеуіштерге қатысты бөлек күмән бар.
"Кез келген жылдам дайындалатын кеспе не күріштен, не бұршақ тұқымдастар немесе бидай өнімдерінен дайындалады. Кеспеге жұмыртқа, су, тұздан басқа ештеңе қоспайды. Дәмдеуіштерге қатысты сұрақ туындайды, көбінесе оларда зиянды қоспалар көп болады", - дейді медицина ғылымдарының кандидаты. 
Сонымен қатар, маман мұндай кеспемен бірге әрдайым сатылатын қоспалардың құрамындағы дәмдеуіштер ағзаға ерекше зиян келтіретінін атап өтті.
Дәрігер кез келген жедел кеспені аз мөлшерде жеп, дәмдеуіштерден максималды түрде бас тарту қажеттігін атап өтті.
21 сәуір 2021 ж. 797 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (10457)

22 қараша 2025 ж.

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 908
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 612

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930