» » Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында 524 адам вакцина салдырды

Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында 524 адам вакцина салдырды

Өңірдегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің 524 маманы індетке қарсы екпе алды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Абдукаримов мәлімдеді.
Аймақта жыл басынан бері әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының стационарында 677 адамға, күндізгі бөлімшелерде 184 адамға қызмет көрсетілді.
– Қазір бізге қарасты медициналық мекеменің үшеуі Талсуат елді мекенінде, бірі Қазалы да, енді бірі қалада орналасқан. Бүгінде бұл мекемелерге облыстық бюджеттен азық-түлік, дәрі-дәрмек, коммуналдық шығындары мен басқа да қажеттіліктеріне толығымен қаржы бөлінген. Сондай-ақ, Covid-2019 пандемиясына байланысты 2-3 айға жететін қажетті дезинфекциялық құрал-жабдықтар қоры да дайын. Оның ішінде, 5 тепловизор, 31701 бетперде, 273 литр антисептик, 258 дана қорғаныш костюм, 12603 дана қолғап, 2710 бахила, 340 бір реттік халат пен 593 термометр бар, – деді Мейрамбек Жақсылықұлы.
14 сәуір 2021 ж. 402 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031