» » Тазалық жұмысына табандылық танытты

Тазалық жұмысына табандылық танытты

Сенбілік – қоршаған ортаны қоқыс қалдықтарынан тазартып, ағаш көшеттерін отырғызып, гүлдер егіп, халықты ауызбіршілікке шақыратын игілікті іс. Осы ретте өткен сенбіде аудан көлемінде көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық айлығына байланысты кенттер мен ауылдық округтерде санитарлық тазалық іс-шарасы өтті. Оған мекеме, кәсіпорын ұжымдары бір кісідей атсалысып, өз аумақтарына тазарту жұмыстарын жүргізді.
Өзге де еңбек ұжымдары көшелер мен саябақтарда жұмыс істеді. Бұл жұмыстың бәрі қыстан шыққан кентті қоқыстан тазартып, көгалдандыру. Сенбілік барысында тек қоқыс жиналып қоймай, ағаштар отырғызылып, әктелді. Арық іші қураған жапырақтардан тазартылып, өртелді.
Сенбі күнгі тазалыққа мекеме қызметкерлері жаппай атсалыс­ты. Мәселен аудандық емхана ұжымы өздеріне тиесілі аумақты ұйымшылдықпен тазартты. Арық­тарға тал егіп, түбін әктеді. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы аудандық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдары да тазалық жұмысына қатысты. Бастауыш партия ұйымының төрағалары мен мүшелері сенбілікке өз үлесін қосып, белсенділік танытты.
Ауданды көгалдандыруда мектеп мұғалімдері мен қызметкерлер де қалыс қалмады. Мектеп ауласын қоқыстан сыпырып, ағаштарын түптеді. Су жүретін арықтарды үйілген топырақтан аршып, түбі қайта қазылды. Кент көшелеріне жиналған қоқысты дер кезінде әкетуге арнайы көлік шығарылды. Себебі қапқа салынған қоқыс қалдықтарын көше кезген иттер, сиырлар қайта шашып бүлдірері анық.
Санитарлық тазалық айлығына ауылдық округтерде белсенділік көрсетті. Әлеуметтік желіге жарыса салған суреттерден туған жерге деген жанашырлығы байқалады. Көше сыпырып, тал егіп, мекеме алдын көгалдандыруда елден қалыспады.
Сенбілік жұмыстары алдағы уақытта жалғасын таппақ. Бұдан кейін әр көшенің тұрғындары тазалыққа өздері жауапты болады. Ең болмағанда өз үйінің айналасын артық күл-қоқыстан тазартып, ауласына көшет отырғызып, тазалау ісіне мән беруі тиіс. Әсіресе көпшілікке қызмет көрсететін кәсіпкерлер өзі отырған орынның айналасын таза ұстауға міндетті.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
13 сәуір 2021 ж. 789 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031