» » Ғарыш айлағындағы келелі кездесу

Ғарыш айлағындағы келелі кездесу

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Байқоңыр қаласына келді. Сапар аясында Үкімет басшысы Асқар Мамин, «Рос­космос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозин және облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова бірқатар нысандарды аралады.
Аймақ басшысы Премьер-министр Асқар Маминге Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық даму мә­се­лелері бойынша атқарылған жұ­мыстарды атап өтіп, қаланы газдандыру және сумен жабдықтау, туристік инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне тоқталды.
Соңғы 30 жылда алғаш рет Байқоңыр қаласының бас жоспарына сәйкес республика есебінен 50 пәтерлік 5 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Биыл тағы бес көпқабатты үй­дің құрылысын бастау жоспарлануда.
Қалада барлық көпқабатты үйлер мен бірқатар шағын және орта бизнес кәсіпорындары газбен қамтылған, табиғи газға төлеу тарифі Қызылорда облысымен бірыңғай тарифке тең. Сонымен қатар сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады. Осы жылы 901,2 млн теңге қаржы көлемінде кәріз су жүйелерін қайта құру жұмыстары жос­парлануда. Яғни кәріз су желілерінің 11,4 шақырымы қайта жаңартылады.
Өткен жылы Байқоңыр қаласында «Жұмыспен қамтудың Жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы 11 жоба жүзеге асып, 306 адам жұмысқа алынған. Сондай-ақ 1552 азамат «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында еңбекпен қамтылған.
Байқоңыр қаласында атқарылған жұмыстарды саралаған Премьер-Министр Асқар Мамин Бай­қоңыр қа­­ласы мен оған жақын ор­на­лас­қан Ақай және Төретам ауыл­дарын­да­ғы инфрақұрылым нысандарын қаржыландыру тетіктерін қа­рас­ты­руды тапсырды.
Мұнан кейін Үкімет басшысы Асқар Мамин мен облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Союз МС-18» басқарылатын кораблінің ұшырылуын және оның Халықаралық ғарыш стансамен түйісу сәтін бірге бақылады. Сондай-ақ Премьер-Министр адам­ның ғарышқа алғаш ұшуының 60 жылдығына арналған конференцияның пленарлық отырысына қатысып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шараға қатысушыларға арнаған сөзін оқып берді.
– Міне, 65 жыл бойы әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы болып келген Байқоңыр ғарыш айлағынан 150 ғарышкер кең байтақ ғаламды игерді. Олардың қа­тарында қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов бар. Қазақстан мен Ресейдің одан әрі белсенді және жемісті ынтымақтастығы ғарыштық зерттеулер мен басқарылатын ұшулар саласындағы бірлескен жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға ықпал ететініне сенімдімін, – деді Асқар Мамин.
Айта кетейік, конференцияның пленарлық отырысына «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының басшысы Дмитрий Рогозин, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, NASA әкімшісінің орынбасары Кеннет Бауэрсокс, қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов және Мұхтар Аймаханов, «One Web», «SES Networks» спутниктік операторларының бас­шылығы қатысты.
«Қт» ақпарат
13 сәуір 2021 ж. 329 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 238

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 341

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930