Құрылтай
» » Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


11 сәуірде Маңғыстау, Қызылорда және Түркістан облыстарында шаңды дауыл соғады. Жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, таңертең және күндіз найзағай, бұршақ болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, екпіні - секундына 23-28 метр.
Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
11-13 сәуірде Жамбыл облысында тұман мен найзағай күтіледі, 12 сәуірде түнде және таңертең желдің екпіні 25 м/с болады.
Атырау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болжануда. Оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Қарағандыда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні - секундына 18 метр.
11-12 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі.
11 сәуір 2021 ж. 743 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 636
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 094

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31