» » БҰҰДБ мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметшілердің әдеп деңгейі бойынша зерттеу нәтижелерін ұсынды

БҰҰДБ мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметшілердің әдеп деңгейі бойынша зерттеу нәтижелерін ұсынды

Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 11 наурыз - Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Қоғамдық пікір» зерттеу институты 2020 жылы жүргізген мемлекеттік қызметшілердің әдеп деңгейін бағалау жөніндегі әлеуметтік зерттеудің нәтижелерін ұсынды.
Зерттеу Қазақстандағы мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамаға жаңа ережелер енгізілгеннен кейін мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау деңгейін талдауға бағытталды. Сауалнамаға барлығы 7000 респондент, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, заңды тұлғалар, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар қатысты.
«БҰҰ Даму Бағдарламасымен ынтымақтастық Агенттік қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Біздің ұйымдар көптеген мәселелер бойынша белсенді жұмыс істейді. БҰҰДБ қолдауымен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге байланысты көптеген жобалар жүзеге асырылды, бұл Агенттіктің әлеуетін нығайтуға, Қазақстандағы мемлекеттік қызмет жүйесін дамытуға және мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға оң әсер етуде. Осы сауалнама Агенттікке мемлекеттік аппарат этикасын жақсарту бойынша одан әрі шаралар әзірлеуде айтарлықтай көмек көрсетеді деп сенемін. Сондай-ақ, бұл кездесу Агенттік пен БҰҰДБ арасындағы мемлекеттік қызмет саласындағы ынтымақтастықты нығайтудағы тағы бір қадам болады деп үміттенемін», - деді Азамат Жолманов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Стратегиялық даму және халықаралық бағдарламалар департаментінің директоры.
«БҰҰДБ Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен ұзақ мерзімді серіктестікті жоғары бағалайды, оның аясында бірқатар сәтті жобалар мен маңызды бастамалар жүзеге асырылды. Біз мемлекеттік қызметтегі этика мен адалдық қағидаттарының орындалуына қолдау көрсететін боламыз», - деді Константин Сокульский, Қазақстандағы БҰҰДБ-ның тиімді басқару департаментінің директоры, зерттеу нәтижелерін таныстыруға арналған іс-шарада.
Сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің үштен бірі (37,5 пайызы) мемлекеттік қызметшілердің жартысынан көбі Әдеп кодексін сақтайды деп санайды. 34,9%-ы мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық әдебіне қатысты жағдай жақсарып келеді деп санайды; 31%-ы жағдайдың әрдайым жақсы болып қалатынына сенімді.
Респонденттердің басым көпшілігі мемлекеттік қызметшінің әдепке жат мінез-құлқына, әсіресе немқұрайлылық, назар аудармау, көмек көрсетуден бас тарту, дөрекілік, маңызды ақпаратты жасыру, жеке мүддесіндегі қатысты іс-әрекеттерді түзету үшін қандай да бір шаралар қолданған жоқ.
2020 жылдың нәтижелерін 2017, 2018 жылдардағы нәтижелермен салыстырсақ, айтарлықтай өзгерістерді көруге болады, яғни мемлекеттік қызметшілерге қатысты әдепке сай емес мінез-құлқына байланысты шаралар қабылдауға мәжбүр болған респонденттердің пайызы айтарлықтай төмендеді. Мысалы, егер 2018 жылы 34,7% респондент мемлекеттік қызметшінің әдепке жат мінез-құлқына қатысты шаралар қабылдауға тура келді деп жауап берсе, 2020 жылы мұндай респонденттер үлесі 13,4% болды.
Респонденттердің басым көпшілігі (92,8%) карантин кезінде мемлекеттік қызметшілермен әрекетке түсу барысында әдепке қатысты қандай да бір проблемаларды байқамаған. Тек 10 респондент (0,4%) карантин кезінде әдепке байланысты бұзушылықтарды байқағанын айтты.
Сауалнамаға сәйкес, сұралған мемлекеттік қызметшілердің 85,7%-ы Әдеп жөніндегі кеңеспен және оның шешімдерімен істерді қарау рәсімдерінің әділдігіне сенеді. 2017, 2018 жылдардың нәтижелерімен салыстырғанда мемлекеттік қызметшінің әдебін сақтауға жауапты органдар мен институттар рәсімдерінің әділдігіне деген сенімнің өскенін көруге болады. 2020 жылы Әдеп кодексінің мазмұнымен танысқан мемлекеттік қызметшілердің саны өсті.
Бұдан басқа, 2021 жылы Агенттік алғаш рет Әдеп жөніндегі уәкілге әдептілік деңгейін айқындау үшін әрбір мемлекеттік органның ресми сайттарында сауалнама орналастыруды ұсынды, оған барлық азаматтар қатыса алады. Осылайша, әрбір азамат сауалнамаға қатыса алады.
Мемлекеттік қызметшілердің әдеп деңгейінің және Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің рейтингтері осы жерде қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet?lang=ru
Сауалнама БҰҰДБ мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру тетіктерін жетілдіру, мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бірлескен жобасы шеңберінде жүргізілді.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі
11 наурыз 2021 ж. 720 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 257

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 357

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930