» » Ауылдағы тегін үйірме

Ауылдағы тегін үйірме


– Әже, – деді еркелей тіл қатқан балақай.
– Ау, айналайын, айта ғой, – деген әженің де дауысы жұмсақ шықты.
– Тоқып жатқаным дұрыс па? – деді балақай сұраулы жүзбен.
– Әрине, енді мұны осылай істе, – деп бағыт берді әжесі.
Бұл көрініс сондай сүйкімді еді. Есіктен ене бере қызықтап қарап қалыппыз.

ІІІ Интернационал ауылындағы кітапханадан ашылған тегін үйірмені Рима Тұрманова бізге қуана хабарлаған болатын. Барып көрмекке асықтық. Сәті түсіп ауа-райының мың құбылғанына қарамастан осында келдік. Алдымыздан соққан жел артқа ысырып әлек бізді. Солай қар аралас жауыннан тайғақ кешіп ауылдағы кітапханаға әрең кірдік. Әбіржіткен күн райының суығын осындағы керемет көрініс әп-сәтте жылытып алды. Үстелге айнала отырған балақайлардың бізге қарар уақыты жоқ. Тоқыма өнерінің қызығына кіріп кеткен. Біз де оны қызықтап, жиекке жайғастық.
– Бұл бір әдемі көрініс болды ғой, – дедік жан-жақтан балаша қызығып.
Қашан көрсеңіз де жайдары жүзімен күлімдеп қарсы алатын Рима апайымыз бұл жолы да әңгімені әріден бастады.
– Кітапхананың Coworking орталығынан тегін екі үйірме ашылды. Бірі – Жамиля Сафарованың жетекшілігімен өтетін «Шебер қолдар» үйірмесі болса, екіншісі – Злиха Жүсіпованың жетекшілігімен балақайларды баулыған «Алтын ине» үйірмесі. Мұнда түрлі жастағы қыздарымыз тоқудың қыр-сырын үйреніп, әр түрлі бұйымдарды қолдан жасайды. Бұл алдымен баланың уақытын тиімді өткізсе, өнердің әлеміне саяхаттайды. Қыздарымыздың қатары толығып, ынтасы күннен-күнге артып келеді, – дейді ол.
Біз келгенде Злиха әженің сабағына дөп түстік. Онда тоқудың оң-солын алуды үйретіп жатыр екен.
– Мұнда келерде өзімді кәдімгідей жұмысқа келе жатқандай сезінемін. Уақыт тауып, үй шаруасындағы бар тіршілігімді қоя салып, осында асығамын. Білгеніңді жас ұрпаққа үйрету, еңбекке баулу әріден келе жатқан бабалар аманаты. Алдағы уақытта қыздарым нағыз тоқыма тоқудың хас шебері болып шығады, – дейді әже жүзіне күлкі үйіре.
Баланың мектептен кейінгі бос уақытын тиімді өткізгені жақсы. Әдетте, үйірмеге үйіріп, кәдесіне жаратар дүниеге қаныққаны қымбат. Ол үйірме ауылда, тіпті тегін болғаны ше? Ғажап қой!

Айнұр ӘЛИ


02 наурыз 2021 ж. 565 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 425

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 500

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930