» » Біз де бала болғанбыз

Біз де бала болғанбыз


Халықтың рухани мұратына қызмет еткен ұлы тұлғалар аз емес. Данышпан қазақ халқы ақынға да, жырау, жыршыларға да кенде болған жоқ.
Осы орайда мектебіміздің ""Коворкинг" орталығында "Бізде бала болғанбыз" тақырыбында өңірге белгілі азаматтармен кездесу кеші өткізілді.
"Қызмет қылсаң халқыңа, игі ат қалар артында"-деп қазақтың кемеңгер ақыны Сәбит Дөнентаев айткандай пікірлесу кешімізге №250 мектеп-лицейінің ардагер ұстазы, 40 жылдан астам уақыт ұстаздық еткен, шәкірттеріне ана тіліміз қазақ тілін жетік меңгерткен, білімді де, білікті ұстазымыз Қаратаева Райкүл Қоңырбайқызы және Сыр өңіріне белгілі жыршы-термеші аудандық Көшеней Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің "Көшеней жырау" үйірмесінің жетекшісі Ешбаева Әйгерім Бостанқызы мен ақындық өнерді жанына серік еткен Республикалық, Облыстық айтыстардың жүлдегері, Қармақшы аудандық жастар мәслихатының депутаты, Көшеней Рүстембеков Жыраулар Үйінің "Тұрмағамбет ақын үйірмесінің" жетекшісі №250 мектеп-лицейінің түлегі Әділбеков Сырым келді.Кеште өнер иелері өздерінің өнер жолына қалай келгендігі жөнінде айтып өтті. Айтыскер ақын Сырымға мектеп қабырғасында жүргенде ұстаздық еткен, өнерінің одан әрі шыңдалуына септігін тигізген Райкүл апайы өнерлі шәкірті жайлы біраз сыр шертті. Сонымен қатар қонақтарымызға арнап, мектебіміздің жас ақындары және озат окушылар Мұханбетқалиев Шәміл мен Орынбасаров Ердәулет арнау өлеңдерін оқыды.Оқушылар қонақтарымызға сұрақтарын қойды. Кеш соңында қонақтарымыз жыр-терме орындап, суырып салма айтыстық өнерін ортаға салды. Ата-бабамыздан мұра болып келген ұлттық дәстүрлі өнерді болашақ ұрпақтарымызға аманаттаған, руханияты мол керемет пікірлесу кеші болды.
01 ақпан 2021 ж. 1 313 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 406
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930