» » Жүрек жылуын сыйлаңыз

Жүрек жылуын сыйлаңыз

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының ұжымы «Балаларға қуаныш сыйла» акциясы аясында тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға жаңа жылдық дастарханға қажетті өнімдерді сыйға тартты.
Азық-түлік жиынтығына күріш, ұн, өсімдік майы, шай, макарон және тағы басқалар кірді. Балаларға қысқы киімдер таратылды. Әрине, мереке қарсаңында балалар үлкен қуаныш пен ризашылықпен қабылдаған жаңа жылдық сыйлықтарсыз болған жоқ.
Қайырымдылық акциясын өткізуге Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының орталық аппараты бастамашылық етті. Карантиндік шараларға байланысты корпоративті іс-шараларға тыйым салынғандықтан, қызметкерлер үнемделген ақшаны мұқтаж жандарға көмек ретінде пайдалануға шешім қабылдады.
Қамқорлықтағы отбасылар қала шетіндегі уақытша үйлерде тұрады, өз баспаналары жоқ. Осылайша, Тасбөгет кентің тұрғыны, жалғызбасты ана 4 жастан 16 жасқа дейінгі төрт баланы тәрбиелеп отыр. Оның тұрақты жұмысы жоқ. Отбасындағы қаржылық жағдай өте қиын. Әйел Қор қызметкерлеріне шын жүректен алғысын білдірді.
Қаланың шет аймақта тұратын тағы бір отбасы да қолдауды қажет етеді. Ерлі-зайыптылардың үш кәмелетке толмаған баласы бар, олардың көру қабілеті нашар.
Айта кетсек, медсақтандыру Қорының акциясының арқасында бұл мұқтаж жанұялар туралы басқа да жанашыр жандар біліп, оларға әр түрлі көмек көрсетуде. Себебі, мейрам – ол барлық адамдарға ортақ. Биылғы жыл барлық адамзатына өте ауыр болғанына қарамастан, мұқтаж жандарға жүректің жылулығын сыйлау өте орынды. Сол кезде жаңа жыл барлығына сәттілікпен келеді деп үміттенеміз!
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы игі істер қоржынын толықтыруды жалғастыруда. «Балаларға қуаныш сыйла» акциясы жыл сайын өткізіледі!
29 желтоқсан 2020 ж. 449 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031