» » Жыл басынан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына шамамен 399 млрд теңге аударылды

Жыл басынан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына шамамен 399 млрд теңге аударылды

2020 жылдың 9 айында міндетті әлеуметік медициналық сақтандыруға (МӘМС) шамамен 399 млрд теңге аударылды. Экономикалық белсенді емес халық үшін мемлекеттен транш, ал бұл 11 млн адам, 222 млрд теңгені құрады. 115 млрд астам теңгені жұмыс берушілер, 49,5 млрд теңгені – жалдамалы жұмысшылар, 7 млрд теңгені – жеке кәсіпкерлер, 2,5 млрд теңгені – БЖТ төлеушілер, 1,5 млрд теңгені - азаматтық – құқықтық сипаттағы шарт бойынша еңбек ететін жеке тұлғалар, 1 млрд теңгені - өз-өзіне төлем жасаушылар жіберді.
МӘМС үшін жарналар мен аударымдар Ұлттық банктегі арнайы шотқа түсетінін атап өткен жөн. Бұл қаражат Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізуші - медициналық ұйымдары көрсеткен МӘМС пакетінің медициналық қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалады.
Қазіргі уақытта медициналық сақтандырумен 15,8 млн адам қамтылды.
Қаңтардан қыркүйекке дейін Қор МӘМС пакетінің медициналық көмегін қаржыландыруға 215,4 млрд теңге жіберді. Шығындардың басым бөлігі – 90 млрд теңге-стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекті қамтамасыз етумен байланысты. Жалпы, МӘМС бойынша тәуліктік стационарларда 591 мың пациент, күндізгі стационарларда 373 мың пациент емделді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 17 млрд теңгеден астам соманы қаңтардан қыркүйекке дейін жоғары технологиялық медициналық қызметтерді төлеуге бағыттады – бұл, ең алдымен, қымбат тұратын операциялар: емделген жағдайлардың саны 5 мыңнан асады, олардың орташа құны - шамамен 3,1 млн теңге.
Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту үшін 16,6 млрд теңге төленді, емделген жағдайлардың саны – 80 мыңнан астам. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта азаматтардың коронавирус пен коронавирустық инфекциямен аурығаннан кейін оңалтудан өту мүмкіндігі бар.
Есептік кезеңде консультациялық-диагностикалық қызметтерге ӘМСҚ 65,6 млрд теңге бағыттады, 7,7 млн зерттеу жүргізілді. Тұрғындар арасында жүргізілген скринингтер үшін 2 млрд теңгеден астам төлем жасалды.
9 айда халықтың жекелеген санаттарына 10 млрд теңгеге жуық сомаға 5,3 млн-нан астам стоматологиялық қызмет көрсетілді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры пациенттердің құқықтарын қорғау – Қордың жұмысындағы басымдық екенін еске салады. Егер пациент медициналық көмек көрсетуден бас тартуға тап болса немесе ол тиісті түрде көрсетілмесе, онда кері байланыс арналары – 1406 нөмірі бойынша байланыс орталығы, Qoldau 24\7 мобильді қосымшасы немесе SaqtandyruBot Telegram-боты арқылы ӘМСҚ-на жүгінуі қажет. Қордың мамандары мен сарапшылары Жедел әрекет етіп, қажетті көмек көрсетеді», – деп атап өтті ӘМСҚ баспасөз қызметінде.
Айта кету қажет, тек қаңтар-қыркүйек айларында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына халықтан 469 мың өтініш түсті. Барлық өтініштердің 454 мыңнан астамы консультациялық сипатқа ие, алты мыңға жуығы – шағымдар, екі мыңнан астамы – медициналық ұйымдар мен дәрігерлерге алғыс.
23 қараша 2020 ж. 558 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031