» » Жыл басынан бері ӘМСҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы үйдегі стационар ұйымдастыруға 29,9 млн теңге бөлді

Жыл басынан бері ӘМСҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы үйдегі стационар ұйымдастыруға 29,9 млн теңге бөлді


12 қараша - Дүниежүзілік пневмониямен күрес күні. Біздің өмірімізге COVID-19 келуімен бұл аурумен күрес жаңа мәртебеге ие болды. Дәрігерлер барлық күш-жігерін науқастарды емдеуге жұмсады: мобильді топтар жұмыс істей бастады, үйдегі стационарлар ұйымдастырылды.

2020 жылдың шілде айында коронавирустық инфекцияның жоғары өсу кезеңінде, Қызылорда қаласының тұрғыны Дәметкен Айтжанова пневмониямен ауырды. Дәрігерлердің бақылауы қажет болды, өйткені қант диабеті және жоғары қан қысымы болды. Сол қиын кезеңде емханалар жұмыс істемегендіктен, Дәметкен Айтжанова емді үйде алатын.
«Емхананың дәрігерлері маған тиімді дәрі-дәрмектер жазып берді, үйге әкелді және олар күн сайын барлық қажетті медициналық көмекті жасады. Мен тез қалпыма келдім, қазір өкпем таза. Дәрігерлерге адал еңбектері үшін алғыс айтамын. Мұқият болыңыз, қауіпті вирустан қорғаудың барлық шараларын қолданыңыз», - дейді Дәметкен Айтжанова.
Шілде айында COVID-19 вирустың өршу кезеңінде №6 емхананың мамандары 300-ден астам тұрғынға үйде медициналық көмек көрсетті. Көбісі пневмониямен ауырған науқастар.
«Дәрігерлер, медбикелер қорғаныш костюмдерімен әр науқасқа барды. Сол қиын кезеңде біздің медицина қызметкерлер де пневмониямен ауырды. Біз коронавирустық инфекция толқынына дайынбыз. Дәрі-дәрмектер жеткілікті. Тұмау ауруының жоғарылау кезеңінде науқас адамдармен қарым - қатынастан аулақ болуға, қолыңызды жиі жууға, тыныс алу жүйесін қорғау үшін бет-пердені қолдануға кеңес береміз және адамдар көп жиналатын орындарға барудан аулақ болыңыз», - деп атап өтті терапевт-реабилитолог, №6 емхананың күндізгі стационарының меңгерушісі Ләззат Күлекешова.
Жыл басынан бері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы аймақтың 1 327 тұрғынына үйдегі стационар медициналық қызметіне 29,9 млн. теңге бағыттады.
COVID-19 вирустың өршуі кезінде, ағымдағы жылдың шілде айында Қор филиалы жалпы сомасы 774,7 млн.теңгеге пневмонияның 4 334 жағдайын емдеуді қаржыландырды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың
халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі

12 қараша 2020 ж. 382 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 382

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 461

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930