2020 жылғы наурыздан қыркүйекке дейін Covid-19 профилактикасына, емдеуге және диагностикалауға 135 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды – ӘМСҚ
Коронавирустық инфекцияның алдын алуға, диагностикалауға және емдеуге, сондай-ақ Covid-19 таралуын болдырмау мақсатында эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 154,7 млрд теңге бөлінді.
2020 жылдың наурыз-қыркүйек айлары аралығында ӘМСҚ-135,6 млрд теңге төленді. Шығындардың басым бөлігін, яғни 81,3 млрд теңгені эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің жалақысына үстеме құрады.
«Денсаулық сақтау министрлігі орталық деңгейде және жергілікті атқарушы органдар коронавирустың ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстарын жалғастыруда. Өз кезегінде Қор коронавирус пен пневмониямен ауыратын науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің уақтылы төлемін жүргізеді. Бұл ретте, осы аурулармен ауыратын пациенттерге медициналық көмек МӘМС жүйесіндегі сақтандырылу мәртебесіне қарамастан көрсетіледі»,-деп хабарлайды ӘМСҚ баспасөз қызметі.
Наурыздан қыркүйекке дейін провизорлық және карантиндік стационарларға емдеуге жатқызуды қаржыландыруға 24,5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды, оларда карантиндік оқшаулау және қажет болған жағдайда 240 мыңнан астам адам емделді.
Осы кезеңде инфекциялық стационарларда 72 мың пациент емделді. Covid-19 және коронавирустық пневмониямен ауыратын науқастарды амбулаториялық және стационарлық жағдайда емдеуге барлығы 18,8 млрд теңге жұмсалды.
Үйдегі стационардың медициналық қызметтеріне ақы төлеу үшін 9 млн теңге жұмсалды. Үйде емдеуді өкпе 30% - дан аспаған кезде ауру ағымының жеңіл түрі бар пациенттер алады. Күн сайын учаскелік дәрігерлер олардың жағдайын бағалау үшін қоңырау шалады, кем дегенде үш күнде бір рет бейне кеңес беріледі, қажетті рәсімдер де көрсетіледі. Егер жағдай нашарласа, мысалы, үш-бес күн ішінде температура төмендемесе, тыныс алу және тахикардия жоғарылайды, науқас ауруханаға жатқызылады. Бұл қызметтер осы жылдың шілде айынан бастап халыққа қолжетімді болды.
Сол кезеңнен бастап мобильді бригадалар жұмысын бастады. Олардың қызметтерін төлеу үшін шілдеден қыркүйекке дейін Қор 1 млрд теңгеден астам қаражат бағыттады. Емхананың әрбір шақыруы үшін 5400 теңгеден алады, осылайша үш айда 190 мыңнан астам шығу орындалды. Мобильді бригаданың құрамына дәрігер және / немесе медбике, кейде бейінді маман кіреді. Мобильді бригадалар пациентті алғашқы қарап-тексеруді жүргізеді, оның жай-күйінің ауырлық дәрежесін бағалайды, Сovid-19 симптомдары болған кезде ПТР-тестке материал алады, пульсоксиметрия жүргізеді, көрсетілімдері кезінде рентгенографияға немесе компьютерлік томографияға жолдама бере алады, дәрілік заттарды тағайындай алады. Айта кету керек, өңірлерде осындай 3000-нан астам бригада құрылған.
ПТР диагностикасын жүргізуге 19 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Наурыздан қыркүйекке дейін жүргізілген тестілеу үшін Қор 10,7 млрд теңге төледі. ПТР-тестілеуден еліміздің стационарларында 222 024 қазақстандық, амбулаториялық жағдайда - 708 124 адам өтті.
Медициналық сақтандыру Қоры Қор төлейтін қызметтердің сапасын жоғарлату үшін пациенттер шағымдармен және ұсыныстармен 1406 байланыс орталығына жүгініп, сондай-ақ оларды Qoldau 24/7 мобильді қосымшасында қалдыра алады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың
халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі