» » ҚР Үкіметі мен «Атамекен» ҰКП арасында өзара меморандум өтті

ҚР Үкіметі мен «Атамекен» ҰКП арасында өзара меморандум өтті

29 қазанда «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII Съезі өтті. Съезд алғаш рет онлайн режимде ұйымдастырылды. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, «Атамекен» ҚРҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, өңірлік кеңестердің өкілдері, салалық қауымдастықтардың мүшелері, сондай-ақ Қазақстан кәсіпкерлері қатысты.

«Соңғы бес жыл ішінде шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы үлесі 24 пайыздан 32 пайызға артты. Кәсіпкерлік саласында еңбек ететін азаматтардың саны 21 пайызға, яғни 2,8 миллионнан 3,4 миллионға дейін өсті. Қазір жұмыспен қамтылғандардың 40 пайызға жуығы шағын және орта бизнесте еңбек етеді. Бұған мемлекет пен бизнесті байланыстырып отырған Ұлттық палатаның сіңірген еңбегі мол. Менің тапсырмам бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін «бизнеске адалдық презумпциясы» қағидаты заң жүзінде бекітілді. Бұл барша даулы және түсініксіз мәселелерді кәсіпкерлердің пайдасына шешуге мүмкіндік береді. Аталған заң шығарудағы өзгерістер тиісті сот тәжірибесінде қолдау табатынына сенемін. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап менің Жарлығыма сәйкес шағын және орта бизнесті үш жылға дейін тексеруден босату туралы мораторий күшіне енді. Нәтижесінде мұндай субъектілерді тексеру көлемі 8 есе қысқарды, – деп атап өтті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен «Атамекен» ҰКП-ның үйлесімді жұмысы еліміздегі бизнес ахуалға оң әсер етіп отырғанын да атап өтті.
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев пандемия кезеңінде отандық кәсіпкерлер тап болған негізгі проблемаларды атады.
«2020 жыл пандемия әсер етуімен өтті. Біз жүргізген сауалнамалардың деректері бойынша пандемия елдегі 1 млн кәсіпкерге әсерін тигізген. Көлік, сауда салалары анағұрлым зардап шеккен, ондағы айналымның қысқаруы 10-17 пайызды құраған. Шамамен 1,6 млн қызметкер ақысыз демалысқа жіберілген. Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тапқан қолдау шараларының кешенді пакеті індет салдарын біршама жұмсартуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде 15 мыңнан астам кәсіпкер несие төлемдері бойынша шегерім алды. Қолдау шараларының пакеті Үкіметтің орын алған ситуацияға жедел әрекет етуі болды. «Атамекен» мемлекет органдарымен бірлесіп, н төтенше жағдай режим жарияланғаннан бастап бүгінгі күнге дейін күн сайы жағдайға мониторинг жүргізіп отырды», – деді «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев.
Еске салсақ, «Атамекен» күрделі ахуалдың алғашқы күнінен бастап өңірлер, салалар мен секторларда нақты ситуацияны анықтау мақсатында кәсіпкерлер арасында сауалнамалар жүргізді. Сауалнамалар барысында жиналған барлық деректер Үкіметке жіберіліп, ел кәсіпкерлерін қолдау шараларының негізіне алынды.
Дағдарысқа қарсы шаралардан басқа «Атамекен» басшысы бүгінде Ұлттық палата өз алдына қойған ұзақ мерзімді міндеттері, соның ішінде 860 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісін немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің жалпы санының 65%-ын қамтығанреттеу жүйесін «таза парақтан» енгізуге қатысатынын айтты. Сонымен қатар Ұлттық палатада міндеті жұмыспен қамтылуды тіркеу және көлеңкелі экономиканы төмендету болып саналатын жаңа Салық кодексін әзірлеуге қатысты ұсыныстары бар. Бизнесті несиелеу және өңірлерде кәсіпкерлерді қолдау мәселесі жекелей көтерілді.
«Мемлекет басшысының «Бизнеске арналған үкіметті» іске асыруға қатысты тапсырмасын орындау мақсатында бизнестің цифрлық экожүйесін құру бойынша жұмысты жалғастырудамыз, онда кәсіпкерлер онлайн-форматта қызметтер кешенін қолданып,өтінімдер жіберіп, кері байланыс ала алады», – деп атап өтті Тимур Құлыбаев.
Кездесу соңында ҚР Үкіметі және ҚР ҰКП арасында өзара әрекеттесу туралы келісімге қосымша келісім жасалды._____________________________________________
Анықтама үшін:
«Ұлттық палатаның съезін (бұдан әрі – съезд) Ұлттық палатаның төралқа төрағасы басқарады және ол аккредиттелген республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар), сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің республикалық қауымдастықтары (одақтары) өкілдерінің және өңірлік кеңестер делегаттарының тең санынан қалыптастырылады», – ҰКП туралы Заңның 19-бабы.

Atameken.kz


30 қазан 2020 ж. 358 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 266

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 365

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930