» » Гүлшара Әбдіқалықова Байқоңыр ғарыш айлағынан «СоюзМС-17» кемесінің ұшырылуын тамашалады

Гүлшара Әбдіқалықова Байқоңыр ғарыш айлағынан «СоюзМС-17» кемесінің ұшырылуын тамашалады

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Байқоңыр қаласына барып, «СоюзМС-17» ғарыш кемесінің ұшырылуын тамашалады, - деп хабарлайды Қазақпарат. 
Аймақ басшысы «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен кездесіп, ғарыш кемесін ұшыруға қатысуға шақырғаны үшін ризашылығын білдіріп, құрметін жеткізді. Сонымен бірге зымыранды ұшыруға жұмылдырылған мамандарды құттықтады.
- Бүгінгі ұшырылым өте маңызды, өйткені кеме бортинженері Сергей Владимирович - біздің жерлесіміз, Байқоңыр қаласының тумасы. Сондай-ақ, ғарыш кемесінің ұшырылған күні НАСА астронавты Кэтлин Рубинстің туған күніне сәйкес келді. Мен оларға мықты денсаулық, сәттілік, жұмсақ түйісу және қойылған міндеттерді ойдағыдай орындауды тілеймін. Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен біліктілігіңіздің арқасында бүгінгі ұшырылым сәтті аяқталғанын да атап өткім келеді. Баршаңызға денсаулық, сарқылмас қуат, барлық істеріңізге сәттілік тілеймін, өміріңіз ошақ жылуы мен отбасыңыз бен достарыңыздың сүйіспеншілігіне толы болсын,-деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова. Айта кетейік, «СоюзМС-17» ғарыш кемесін Ресей Федерациясының 121-ші ғарышкері Сергей Рыжиков, ғарышкер-сынақшы Сергей Владимирович пен НАСА астронавты, 339-шы АҚШ астронавты және 549-шы әлем астронавты Кэтлин Кэйт басқарады. Ғарыш зымыранын ұшыру сәтінен кейін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мен «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен бірақатар мәселелер жөнінде сөйлесті.


15 қазан 2020 ж. 571 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 617
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930