» » 1 қазан - Халықаралық қарттар күні

1 қазан - Халықаралық қарттар күні


Естелік күн 1991 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында жарияланды. Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде 2 миллионнан астам зейнеткер тұрады. Олар Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын төлеуден босатылды, өйткені жеңілдік санатына кіреді. Олар үшін жарналар мен аударымдарды мемлекет төлейді.

Зейнетақы төлемдерін алушылардың жеңілдікті санаттары «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 10-бабында белгіленген, оларға келесі тұлғалар жатады:

1998 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнетақы алатындар;
зейнеткерлік жасты кезең-кезеңмен арттыруды ескере отырып, 63 жасқа толған ерлер мен әйелдер;
әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдшерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген және біліктілік сыныптары белгіленген қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адамдарға төленеді.

Жұмыс істейтін зейнеткерлерден, оның ішінде жеке кәсіпкерлерден МӘМС-ға жарналар төлемейтін атап өту маңызды.

Сондай-ақ емханаларға тіркелу науқанының осы кезеңінде зейнеткерлер бастапқы медициналық – санитариялық көмек көрсету ұйымына емханаға тікелей хабарласып, өтініш жазу арқылы тіркеле алады.

Егер медициналық ұйым сізге қызмет көрсетуден бас тартылса немесе олар сапасыз көрсетілсе, 1406 байланыс орталығына хабарласыңыз немесе бізге «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасында жазыныс.


«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың
халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
01 қазан 2020 ж. 881 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 411
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728