» » Нұрасыл БЕКМАТОВ:"Ерікті жастарға мың алғыс"

Нұрасыл БЕКМАТОВ:"Ерікті жастарға мың алғыс"

Жаһанды жайлаған коронавирус індеті елімізде белен алып жатқан тұста, екі қолың бос қойып жайбарақат отқан жас болмаған шығар сірә. Елім деп езіліп, жұртым деп жұмыла қызмет еткен еріктілердің нағыз ерлігі осы тұста байқалды. Еріктілік - халқымыздың шынайы болмысы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйек күні «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдаған жолдауында, індетпен күресте түрлі сала мамандары мен еріктілердің ерлігін ерекше атап өтіп, табандылық пен зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеткендері үшін өзінің шынайы алғысын білдірді. Еңбекті елеген Президенттен алған алғыс біз үшін үлкен мәртебе.
«Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен төтенше жағдай мен карантин режимінде миллиондаған адамға азық-түлік пен тұрмыстық заттар себеттері таратылды. Игі істер жолында «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері мен көшбасшылары аянбай еңбек етті. Өздеріне төңіп тұрған қауіпке қарамастан бастарын бәйгеге тікті. Бұны мемлекет басшысы Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің шынайы көрінісі деп санады.
Мемлекет басшысы өз сөзінің бірінде жастардың тез әрі оңай жолмен байып кеткісі келетінін ашып айтты. Әлбетте, мен Президенттің бұл ойымен толығымен келісемін. Замандастарым, қатарластарым мемлекеттің оларға беріп жатқан көптеген мүмкіндіктерін зая кетіріп жатыр. Бәсекеге қабілетті жастарды даярлау үшін көптеген шаралар жүргізілуде. Сол шараларды жастар арасында кеңінен насихаттау біздің мойнымызда.
Алдымызда үлкен міндеттер тұр. Барлығымыз тұлғалық дамуымызды жетілдіруге тиіспіз. Мемлекет басшының жолдауы жастар арасында үлкен қолдауға ие болды. Болашақта қабылданған шаралар мен түйткілікті мәселелер өзінің оңтайлы шешімін табады деген ойдамыз.
Нұрасыл БЕКМАТОВ
«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанаты
Қармақшы аудандық филиалының төрағасы
03 қыркүйек 2020 ж. 826 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930