» » Украинадан Сыр Еліне гуманитарлық көмек келді

Украинадан Сыр Еліне гуманитарлық көмек келді

Украинадан Сыр Еліне гуманитарлық көмек келді. Дәлірек айтар болсақ, аймағымызға «Kusto Group» компаниясы Украинадағы Қазақстан елшілігінің қолдауы арқылы медициналық дәрі-дәрмек қорын жеткізді.
Гуманитарлық көмек құрамында емдеу мекмелеріне қажетті 160 қорап «Меропенем-Виста» дәрісі мен 3230 қорап «Левофлоксацин-Новофарм» дәрісі әкелінген.
Бұл дәрі-дәрмек қоры облыстағы барлық емдеу ұйымдарына сұранысына қарай бөлініп, таратылды.
Атап айтар болсақ, 160 қорап «Меропенем-Виста» дәрісінің барлығы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына берілсе, сонымен қатар 3230 қорап «Левофлоксацин-Новофарм» дәрісінің 350-і облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына, 360-ы Арал ауданаралық ауруханасына, Қазалы ауданаралық ауруханасына 360 қорап, Қармақшы аудандық ауруханасына 360, Сырдария аудандық ауруханасына 360, Жалағаш аудандық ауруханасына 360, Шиелі ауданаралық ауруханасына 360, Жаңақорған ауданаралық ауруханасына 360, Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасына 360 қорап таратылды.
Осы тұста өңір халқын жұқпалы індеттен емдеуге көмектесетін Украинадағы Қазақстан елшілігінің қолдауы арқылы медициналық дәрі-дәрмек қорын жеткізген «Kusto Group» компаниясына алғысымызды білдіреміз!
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы

25 тамыз 2020 ж. 785 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 618
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 391

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031