» » Індет – күресті, міндет – жауапкершілікті талап етеді

Індет – күресті, міндет – жауапкершілікті талап етеді

Мұса ҚАЛДАРБЕКОВ
аудан әкімі

БІРНЕШЕ АЙДАН БЕРІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУ ОРГАНДАРЫМЕН БІРЛЕСІП, ЕЛДЕ КОРОНАВИРУСТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КӨПТЕГЕН ШАРАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРДЫ. АУДАНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІ ТОҚТАҒАННАН КЕЙІН ДЕ КАРАНТИННІҢ САҚТАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАҒЫТЫНДА БІРАЗ ЖҰМЫС ЖАСАЛДЫ. АЛАЙДА СОҢҒЫ МӘЛЕМЕТТЕР 103 ЖЕРЛЕСІМІЗДІҢ КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫМЕН ТІРКЕЛІП, ОНЫҢ 95-І ЕМДЕЛІП ШЫҚҚАНЫН, 349 ТҰРҒЫННЫҢ ПНЕВМОНИЯҒА ШАЛДЫҒЫП, ОНЫҢ 223-ІНІҢ АЙЫҚҚАНЫН КӨРСЕТУДЕ. ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚ ҮШІН БҰЛ КӨРСЕТКІШ – АЛАҢДАТАРЛЫҚ ӘРИНЕ. АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН АУДАН ӘКІМДІГІ МЕН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНДЕЛІКТІ КЕЗЕКШІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫП, ТҰРҒЫНДАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҮРГІЗУДЕН ШАРШАҒАН ЕМЕС.

Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 3 шілде, 2020 жылғы №44 қаулысына сәйкес тұрғындармен санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау, түсіндірме жұмыстарын жүргізу және заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында құрылған мониторингтік топтар тарапынан 497 нысанға рейд жүргізілді.
Осы уақытқа дейін 249 көше, 20 аялдама, 2 сауда үйі, теміржол вокзалы, 16 спорт алаңына, эпидемиологиялық маңызды 84 нысан дезинфекцияланды. Сонымен қатар, тұрғындарды коронавирус инфекциясы жайлы ақпараттандыру үшін 2 шілдеден бастап аудандық ауруханада 2-29-85 Call орталығы өз жұмысын бастады.
Амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық орталық ауруханасына қарасты елді мекендерде 6 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 медициналық бекет жұмыс істейді. Ауылдық округтердегі 5 дәрігерлік амбулаторияның (Т.Көмекбаев, Дауылкөл, Ақжар, Ақтөбе, Жаңажол ауылдық округтерінде) күндізгі емдеу бөлімінде 5 төсек орны, 1 дәрігерлік амбулаторияның (ІІІ Интернационал ауылдық округі) күндізгі емдеу бөлімінде 10 төсек орны бар. Дәрігерлік амбулаториялар алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген. Елді мекендердегі жағдайы ауыр науқастар аудан орталығындағы ауруханаға жеткізілуде. Аудан орталығында 11 учаскелік аймақ белгіленген, оған жауапты 11 дәрігер халыққа қызмет көрсетуде. Бұл бағытта аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік мекемелердің 13 автокөлігі кезекшілікке қойылып, өз жәрдемін беруде. Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінде 9 учаскелік аймақта 6 дәрігер еңбек етеді. 17 жедел жәрдем автокөлігі, Төретам кенті мен Ақай ауылын қоса есептегенде 722 медицина маманы жұмылдырылған.
Қазіргі таңда ақ халатты абзал жандардың ерен еңбегін айтпасқа болмайды. Оларды ынталандыру – мемлекет тарапынан көрсетілген үлкен көмек болмақ. Осы уақытқа дейін кеселмен күресте тынымсыз еңбек еткен медицина қызметкерлеріне 61,4 млн теңге көлемінде үстемақы берілді. Оның ішінде, аудандық аурухананың 271 медицина қызметкеріне 56,2 млн теңге, Төретам ауылдық ауруханасының 14 қызметкеріне 5,2 млн теңге көлемінде үстемақы төленді.
Жақында облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов коронавирус инфекциясынан балаларды қорғау жөнінде теледидардан сұқбат берген болатын. Осыған орай зерделеу жұмысы нәтижесінде ауданымызда симптомсыз белгілермен 11 бала анықталып отыр. Қазіргі таңда бұл балалардың жағдайы жақсы, дәрігер бақылауында.
Адам денсаулығы – қашан да қоғам байлығы. Денсаулықты сақтау мен оның алдын алу қай кезеңде де өзекті болып келген. Науқастың денсаулық деңгейін тексерістен өткізуде 4 рентген құрылғысы, атап айтқанда аудандық ауруханада 2, Төретам ауылдық ауруханасында 2 аппарат жұмыс істеп тұр. Сонымен қоса, 5 өкпені жасанды желдету аппараты, 13 оттегі концентраторы, оның 11-і демеушілер есебінен алынса, 102 оттегі яғни кислород баллоны бар. Аталған баллондарға оттегі толтыру Қызылордадағы «LTD Чингиз» және «Квант» ЖШС арқылы жүргізіліп, тасымалдануы қиын-қыстау уақытта елге жанашырлық танытқан демеушілердің жүк көліктерімен жеткізілуде. Ал оттегі баллондарын тиеп, түсіруге еріктілер тартылған.
Тағы айта кететін жағдай, жеке кәсіпкер арқылы аудандық ауруханада оттегі дайындайтын құрылғы қондырылып, ол ағымдағы жылдың 30 шілдесінде толығымен іске қосылады деп күтілуде.
Жалпы дәрі-дәрмекке бюджеттен жұмсалған қаржы көлемі 13,1 млн теңге болса, аудандық ауруханаға демеушілер есебінен 2 млн теңге дәрі-дәрмекке берілді. Бүгінгі күннің есебімен аудандық ауруханада 2 аптаға, Төретам ауылдық ауруханасында 1 айға жететін дәрі-дәрмек қоры бар. Өңірде 17 дәріхана жұмыс істеуде. Сонымен бірге, тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін аудан орталығында 4 мобильді топ, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінде 4 мобильді топ және елді мекендерде бір-бір мобильді топтан құрылып, оларда өз кезегінде жұмыс атқарып жатыр. Мобильді топтарда учаскелік дәрігерлер мен фельдшерлер қызмет көрсетеді.
Жалпы коронавирус инфекциясына күмәнді болған науқастар бірінші кезекте провизорлық бөлімшеге жатқызылып, емін қабылдайды. Осы бөлімшеде күмәнді науқастардан сынама алынып, облыстық вирусология зертханасына жіберіледі. Сынама оң нәтижесін көрсеткен жағдайда науқас коронавирус инфекциялық (боксқа) бөлімшесіне ауыстырылады. Сынама теріс нәтиже көрсеткен жағдайда емін толық аяқтап, амбулаториялық бақылауда болады.
Қоғам саулығы үшін қолдан келгенше жеке сақтық шараларына баса назар аударған абзал. Жеке адамның жауапкершілігі – жалпы жұрттың саулығының негізі екенін естен шығармасақ. Тұрғындар күнделікті қарым-қатынаста санитарлық-гигиеналық нормаларды және жеке басының, қоршаған ортаның қауіпсіздігін сақтауды үнемі назарда ұстаса, сонда барып елімізде вирус жұқтырғандардың саны азайып, ауру кері шегінеді. Әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, уақытылы дәрігерге көрінгенде ғана нәтиже болады. Ендеше, әркім денсаулықтың қадірін ұғынып, «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздегені» жөн.
Ауданымыздың тыныштығы мен тұрғындарымыздың амандығы – бәрінен қымбат.
Бүгінгі күнгі басты мақсатымыз – елімізде дендеген қауіпті індеттің таралуын тоқтатып, халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету. Еліміздегі ерекше экономикалық жағдайға байланысты аймақтарда жаңа бағдарламалар жүзеге асуда. Оның негізі – жаңа жұмыс орындарын құруға, тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
«Ынтымақты ел – ырысты ел» дейді даналарымыз. Алға қойған мұрат-мақсатымызды орындауға ауданымыздың әрбір азаматының тәжірибесі мен біліктілігі, ынтымағы мен бірлігі өзек болатыны сөзсіз. Сондықтан іргеден ылаң салған індетті онымен белсенді күрескенде ғана жеңіп шығамыз десек, осы міндетті жауапкершілікпен сезінгенде ғана жағымды жаңалығымыз көп болып, басымыз тек қуанышта қосылмақ. Сол күндерге тезірек жетіп, бұрынғы қалпымызға қайта оралайық, жерлестер!
25 шілде 2020 ж. 927 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 079

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031