» » Қызылордада биыл 185 мыңға жуық гектарға ауылшаруашылығы дақылдары егілді

Қызылордада биыл 185 мыңға жуық гектарға ауылшаруашылығы дақылдары егілді

Қызылордада 184 739 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары егілді, - деп хабарлайды kyzylorda-news.kz ақапарт агентттігі. 
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сейілбек Нұрымбетов мәлімдеді.

«Дәнді дақылдар өткен жылы 97,5 мың га, мал азықтық дақылдар 60,2 мың га, картоп, көкөнiс, бақша 17,4 мың гектарға егілсе, ал биыл дәнді дақыл 1736 гектарға, мал азықтық дақылдар 2 094 гектарға, картоп, көкөніс және бақша дақылдары 79 гектарға артты. Бұған қоса, облыста алғаш рет егістікті әртараптандыру бағытында перспективалы дақылдар қант құмайы 80 гектарға, соя 170 гектарға, жүгері дақылы 1 507 гектарға дейін жеткізілді. Сондай-ақ, ылғал сақтағыш аквагельдерді пайдалану арқылы 80 гектар аграрлы жерге күздік бидай дақылы егілді», -деді Сейілбек Серғазыұлы.


Қазіргі таңда, облыста 5 түрлі ауылшаруашылығы өнімі эскпортталуда. Бұл өнімдер әлемнің 12 мемлекетіне экспортталып келеді. Сонымен қатар, Ресей еліне де қарбыз, қауын, көкөніс өнімдері жіберілуде.

24 шілде 2020 ж. 970 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10403)

13 мамыр 2025 ж.

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 750
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031