» » Балаға бақыт сыйлаған

Балаға бақыт сыйлаған


Бала – адам өмірінің жалғасы. Олардың болашағы жарқын, келешегі кемел болуы үшін өмірдің әрбір баспалдағы маңызды. Отбасында тал бесіктен бастау алатын тәрбие кейіннен балабақша, мектеппен жалғасады. Тәрбиенің әр кезеңінде, әсіресе балалық шақта ойынның орны бір бөлек.
Ойын – баланың бос уақытын пайдалы өткізуіне, өзге жат қылыққа алаңдамауына, ой-өрісінің, дене-мүшесінің дамуына, тұйықтық, өзгеден оқшауланудан аулақ болуға жетелейтін ең тиімді жол. Үлкен-кіші телефонға телмірген қазіргі уақытта тіпті қажет-ақ. Осыны аңғарған білікті басшы, кәсіпкер «Достық жер МК» ЖШС директоры Мұрат Сәрсенбаев ІІІ Интернационал ауылының бөбектерін қуантты. 800 мың теңге көлеміндегі қаржыға ойын алаңын қажетті ойыншықтармен қамтамасыз етті. Оның ішінде түрлі өлшемдегі велосипед, қаладан ғана көретін самокат, скейтборд, машина және әртүрлі ойыншық бар. Олардың барлығы баланың қуанышы үшін әкелінген. Білікті басшы балалардың бүгінгі жарқын жүзі олардың алдағы өмірінің жарқын боларына септігі тиетінін аңдаса керек. Иә, жақсы көңіл күй адамның денінің сау болуына әсер ететінін ғалымдар әлдеқашан дәлелдеп те қойған.
– Сенбі, жексенбіде бұл жерде негізі бала арылмаушы еді. Олардың бал-бұл жайнаған жүзін көру біз үшін де үлкен бақыт. Қазіргі талапқа орай балалар үйінде. Балаларсыз алаң босап, көңіліміз жабырқап қалды. Десе де, бұл уақыттан аман өтсек, әлі талай бөбектің шат күлкісі мен былдырлаған дауысын естірміз. Ауыл тұрғындары Мұрат Абайұлының жарқын бастамалары мен осындай тосын сыйларына дән риза, – дейді бас есепші Айгүл Жүсіпқызы.
Тірлігі түрленіп, өңірі көркейе түскен ІІІ Интернационал ауылы әркез өзінің үлгілі істерімен өнеге. Баласын да, данасын да құрметтеген ауылдан жүзі жарқын, ойы айқын болашақ ел тұтқалары шығатынына күмәніміз жоқ.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
21 шілде 2020 ж. 573 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 049

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031