» » Қазақстанда ипотеканы төлеу үш айға шегерілетін болды

Қазақстанда ипотеканы төлеу үш айға шегерілетін болды

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ тұрғын үй блогының еншілес ұйымдары ипотека төлемдерін 3 айға шегеретін болды, - деп хабарлайды aikyn.kz
«23 наурызда Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған жеке және заңды тұлғалар үшін холдингтің тұрғын үй блогының еншілес ұйымдары (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Қазақстан ипотекалық компаниясы, «Бәйтерек» девелопмент) барлық төлемдер бойынша, негізгі қарыз бен сыйақы сомасын қоса алғанда, тұрғын үй және тұрғын емес жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу құқығымен жалдау/сатып алу-сату (оның ішінде бөліп төлеу) барлық мәмілелері бойынша, айыппұлдар мен өсімақы есептемей, алдағы 3 айға (сәуір-маусым) төлемдерді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады» делінген «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Төлемдерді кейінге қалдыру үшін мемлекеттік операторларға қашықтан байланыс (жеке кабинет, telegram-боттар, ресми сайттар) арқылы өтініш беруі керек.
Үй қымбаттайды – «7-20-25», «Нұрлы жер» әсер етіп отыр
«Әкімшіліктен хат келгеннен кейін…» – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары баспанасыз қалды
Елордада «Комфорт De Luxe» тұрғын үй кешені қолданысқа берілді
Өтініш жеке тәртіппен қаралатын болады.
Барлық сұрақтар бойынша call-орталықтардың нөмірлері бойынша хабарласуға болады: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі: 300
Қазақстандық Ипотекалық компания: +7 800 080 44 48
«Бәйтерек» девелопмент: +7 7172 79 65 60, +7 800 080 01 01
24 наурыз 2020 ж. 824 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 134

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 287

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930