» » Айыппұл орнына қызғалдақ сыйлады

Айыппұл орнына қызғалдақ сыйлады

Айыппұл орнына - қызғалдақ. Елордалық полицейлер әйелдерді мерекесімен құттықтады
Елордада полиция бөлімінің қызметкерлері мен еріктілер нәзік жандыларды Халықаралық әйелдер күнімен осылай құттықтауға шешім қабылдаған. Олар жол бойындағы әйелдерге қызғалдақ сыйлады, - деп хабарлайды baq.kz
Нұр-Сұлтанда мереке қарсаңында полиция қызметкерлері әкімшілік материалдарды түсіндірудің немесе жинаудың орнына жол қозғалысының қатысушыларына денсаулық пен амандық тілеп, көктемгі гүлдер - қызғалдақтар сыйлады. Таяқшасымен тоқтатып тұрған полиция қызметкерін көргенде, әдетте, адамдар тежегішті басып, қандай ережені бұзғанын есіне түсіреді. Бірақ полицейдің мерекемен құттықтауын естіген олар түсінбей, біраз кідіріп қалады. Жүргізуші әйелдер үшін мұндай сый күтпеген жағдай болды. Олар таңғалғанын жасырмады.

Сізді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз, жақсылық тілейміз, жол ережелерін сақтаңыз, ұқыпты болыңыз, бақытты болыңыз, - деп Әкімшілік полиция басқармасы мамандандырылған батальоны командирінің орынбасары Тимур Тұяқбай жүргізуші әйелдерді құттықтады.

08 наурыз 2020 ж. 909 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 116
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 703

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031