» » Жолаушы, жадыңызда сақтаңыз

Жолаушы, жадыңызда сақтаңыз

ЖОСАЛЫ, 16 ақпан – qarmaqshy-tany.kz Бүгінде ауа райының тосыннан келген құбылысында шек жоқ. Әсіресе қыс айында мінез көрсеткен үскірік аяз бен қарлы боранның қатты екпіні талайдың жолын жауып әбігерге салуда. Тосыннан дейміз-ау. Қалта телефонға 112-ден толассыз келген «қала аралық тас жол жабық», «қалың тұман» немесе «көк тайғақ» деген ескертпе хабарлама күн сайын келуде. Осының бәрі кім үшін? Әрине, сіз бен біздің қауіпсіздігіміз үшін. Ал осы ескертпені елемей жолға шығатындар қаншама...
     Ай басында Солтүстік аймақта жауған қалың қар мен боранның әсерінен қаншама жолаушының жолда қалғаны жөнінде теледидардан жаңалықтар қызметі жарыса айтты. Тіпті ватцап желісінде түрлі видеолар халыққа дәлел ретінде таратылды. Көліктер қар астында құрсауда қалып төтеншеліктердің көмегіне жүгінді. Қаһарлы боранның екпіні Сыр өңіріне де жетті. Аудандағы Төтенше жағдай бөлімі жол полиция қызметкерлерімен бірлесіп жолға жыққан көліктерді кері қайтарды. Ұзақ сапарға шыққан ірі көліктерді арнайы тұраққа жинады. Осылайша жолда қалу қаупінің алдын алды. Әлі де ескертпені елемей, қауіпсіздік ережесін сақтамағандарға төтеншеліктер арнайы сақтық шарасын ескертеді.
    Автокөлікпен алыс-жақын сапарға шығатын болсаңыз онда алдын ала техникалық жағдайына көз жеткізіңіз. Өзіңізбен бірге қосымша ұялы байланыс құралдарын алып жүріңіз. Сонымен қатар баратын жеріңіздің алдағы күнгі ауа-райын біліп алғаныңыз жөн. Егер жаяу жол үстінде қарлы боранда қалсаңыз ағаштардың арасынан қуыс жер немесе қар үстінен паналайтын орын дайындаңыз. Мүмкіндік болса от жағып ұйықтап қалмауға тырысыңыз, әрі паналаған орныңызды белгілеп қоюды ұмытпаңыз. Түнгі уақытта ішімдік ішпеу, барынша басты, аяқ-қолды жылы ұстау керек. Ал автокөлікте қалсаңыз радиатор жағын жабыңыз. Көліктің алдын боран соғып тұрған жағына қарсы бағыттау. Қар астында қалмас үшін көліктің айналасы әлсін-әлсін тазартылып тұруы тиіс.
    Жол үстінде автокөлігіңіз өшіп қалса даурықпаңыз. Жағдайды байқап, айналаңызда елді мекеннің бар-жоғын анықтаңыз. Көмек іздеп шығатын болсаңыз трассадан алыстап кетпеуге тырысыңыз. Автокөлікте кемінде бес дөңгелек болады. Егер қатты тоңған жағдайда біреуін жағуға болады. Күн аязды болса адамды бір мезгілде үсік шалу әбден мүмкін. Сондықтан қимыл қозғалыста болу қажет. Саусақты жиі уқалап ішіңізге салып жылыту да бір тәсіл. Оттың қасына тым қатты жақындамау, жылынған сайын оттан алыстап отырған дұрыс.
    Сақтықта – қорлық жоқ. Жолға шығарда осы ережелерді жадыңызда сақтағаныңыз өзіңізге тиімді. Алайда тосын мінез танытқан күн райында сапарыңызды кейінге қалдырып, ұялы телефонға келген ескертпені де ескере жүріңіз.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
16 ақпан 2020 ж. 938 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031