» » Еңбек ету – ер ісі, марапат – оның жемісі

Еңбек ету – ер ісі, марапат – оның жемісі

Осыдан біршама уақыт бұрын Тұрмағамбет ауылында егін науқанын қорытындылайтын «Сабан той» өтеді деген хабар келді. Әлгі жаңалықты естіген жас журналистер ауылға аңсары ауып, «мен барайынға» басты. Жүргізуші көлігін сайлап, дайын тұр. Ертемен Қазбек ағайымыз бастап, Ардақ есімді кеше ғана көшке қосылған тілшіміз қоштап ауылға тартып кетті.
 Технологияның дамығаны дейсің-ау. Телеарна тілшілері  жан-жақта жүріп, тікелей байланысқа түсетіні тәрізді, біздің журналистер де барған басқосу мен іс-шаралардың мазмұны мен суретін сәт сайын редакцияға жолдап, сайт арқылы жедел ақпараттандырып отыруға машықтанған. Ауылға жетті-ау дегеннен ұялы телефонға жүктелген суреттер мен бейнежазбалар көз сүйсінтеді.  Барғандай, көргендей боп қуанып отырдық. Түс қайта көңілді оралған әріптестер ауылдағы ауыз толтырған ауқымды жаңалықтарды айтып түгесе алмады.  
– Салтанатты шарада еңбек озаттары пәтер кілті, 1 млн теңгелік сертификаттар мен бағалы сыйлықтар иеленді. Ең қуаныштысы – ұзақ жылдан бері «Тұрмағамбет» ЖШС еңбек ететін Премраз Бекмахановқа   Президент Жарлығымен ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені табысталғаны  деді, – арқасы күнге күйген күрішшіге берілген марапатқа разы болған әріптесім.  
Мемлекеттік наградаға лайық маманның еңбегіне бас иетін шаруашылық төрағасы Нұржан Пірмантаев Премраз Өмірзақұлын қалай, қай қырынан мақтасақ та жарасатынын айтқанда тілдесуге асықтық. Аудан орталығындағы №26 мектепте білім алған ол  Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын бітірген. Әйтсе де азамат костюм мен қыр шалбар киіп қызмет етуден гөрі дала төсінде терлеп еңбек еткенді қалаған. Бақша дақылдарын егіп, мол өнім алып жүрген ол бір жылдары  «ПМК-30» мекемесінде жұмыс істеген. 1999 жылдан бері  №4 бригада күрішшісі. 20 жыл бойы үзіліссіз күріш егіп, соның 18 жылында үздіктер көшін бастаған. Шаруашылықтағы жастардың көбі осы азаматтың шәкірті.
– Кәсібін сүйген азамат болса соның бірі менмін. Бақыттың бастауы –  істеген жұмысыңнан рахат алу. Жүрек қалаған іспен айналыспасаң оның жемісін де татпайсың. Таң қылау бере тұрып егістікке аттанамын. Балаларымды қалай мәпелесем, еккен күрішімді де солай күтіп баптаймын. Бар ықыласым мен зейінімді соған аударамын. Мен үшін мансап емес, туған ауылымда тер төгу абырой, – дейді озат күріш сушысы.
Өзінен гөрі өзгенің жайын ойлайтын еңбек адамы білгенін жасырған емес. Әріптестерін еңбекке, адалдыққа қамшылау, оған тілекші болу азаматтық болмысын білдіреді. Бұл марапат – қарапайым еңбек адамына берілген әділ баға.
Ағамыз қазір мектеп қабырғасында бірге оқыған Ләззат апаймен шаңырақ көтеріп, 4 бала тәрбиелеп отыр. Тұңғышы Дана дәрігер, Мақпал педагог болып қызмет етсе, Әділхан ішкі істер академиясында, Асылхан ауыл мектебінде 11 сынып оқиды.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
14 қаңтар 2020 ж. 849 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 135

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930