» » 5 литрлік құтыға 700 мың теңге жинаған

5 литрлік құтыға 700 мың теңге жинаған


 Қарағанды қаласының тұрғыны балаларының депозитіне 700 мың теңге қаражат салып, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" қызметкерлерін таң қалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ
Банк қызметкерлерінің назарын аударған жиналған ақша мөлшері емес, оның номиналы екен. Өйткені, клиент 100, 50 және 20 теңгелік монеталардан тұратын жинақ ақшасын екі бес литрлік бөтелке мен пакеттерге салып, алып келген.
Тұрғын өзі жайлы мәліметтердің жасырын қалуын қалағанымен, қаражат жинауды осыдан 7 жыл бұрын бастағанын айтқан.
Ол жинақ сандықшаны сатып алып, оны толтырғаннан кейін, жұбайының туған күніне сыйлық ретінде сыйлаған.
Соңғы екі жылда жұбайы сыйға алған қаражатты жұмсамай, оны керісінше Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде екі ұлының атына ашқан депозиттерге салып отыруды шешкен.
Ең қызығы монеталарды банкке әкелмес бұрын, отбасы мүшелері жинаған тиындарын төрт сағат бойы санаған.
Ал банк қызметкерлері үшін бұл процесс әлдеқайда жылдам болған, өйткені олар металл ақшаны санайтын арнайы машинаны пайдаланған.
22 желтоқсан 2019 ж. 893 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 007
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 622

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031