» » Кезінде Димашқа сын айтқан Ринат Зайытов енді мақтауын асырды

Кезінде Димашқа сын айтқан Ринат Зайытов енді мақтауын асырды

  Ринат Зайытов Димаш Құдайбергенді мақтап, бір шумақ өлең арнады. Ақынның бұл жазбасы желі қолданушыларының қызу талқысына түсті.

Даламның сыр шерткендей өткенінен,
Жеткізіп "шіркінайын" "әттеңімен"
Домбыраны биікке көтергендер
Тарихтың түспеу керек қақ төрінен, - деп жырлады айтыскер. 
Кезінде Димашқа сын айтып "сен секілді әншілерден қорқам" деген ақын бүгін мақтауын асырды. Домбыраны АҚШ-тың төрінде күмбірлеткен Димашты көкке көтерді. 
  – Осы жазбамнан кейін небір сын-пікірлер жазылатынын білем. Бұған дейін Димаш қара қытайдың арбауына түседі деп келгеніммен, АҚШ төрінде қазақтың домбырасын күмбірлеткенін көріп қолдамауға болмайды. Димаш тарихи ерлік жасады. Оны мойындау керек. Менің ұстанымым осындай, – деді Р.Зайытов парақшасында.
   
    Желі қолданушылардың бір тобы ақынды қолдаса, енді бірі қарсы пікір жазды. 
    – Кезінде сын айтып Димашты мойындамаған еді, енді басқаша айтады. Димаш қалай болса да өзін дәлелдеді. Мойындаған да ерлік, сіз де пендесіз, сіз де қателесесіз. Жарайсыз! Қазақ бауырлар бір-бірімізді қолдап жүрейік, – деді желідегілер.
15 желтоқсан 2019 ж. 1 803 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 897
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 554

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930