» » Баланың сабақ оқымауына не себеп?

Баланың сабақ оқымауына не себеп?

Көптеген балалар, әсіресе бастауыш сынып оқушылары мектебін жақсы көрмейді, барғысы келмейді. Оған әсер ететін бірнеше фактор бар.
Мұғалімдер
Біздің ата-анамыздың заманындағыдай «еті менікі, сүйегі сенікі» деп, баланы соққының астына алатын мұғалімдер қалмай бара жатқанымен, өзін сыйлатудың басқа әдісін таппағандықтан, баланы қорқытып-үркітіп ұстайтын оқытушылары әлі де аз емес.

Баға
Балаға «екі қоямын» деп не басқа да төмен бағамен қорқыту бұрыннан келе жатқан дәстүрлі әдіс. Ал нашар баға алған бала ата-анасының, оқу ісі меңгерушісінің, қала берді директордың тарапынан сөгіс еститінін, жазаланатынын жақсы біледі.

Қателіктен қорқу
Әңгіме баға туралы емес болса да, мектепте қателікке жол беруге болмайды. Негізінен адам қателеспесе, үйрене алмайды дейміз. Ал мектепте олай емес.

Күлкіге қалу
Бала барлық пәннен үздік болмаса да өлең шығаруға қабілетті болуы мүмкін, әнді жақсы айтып, суретті жақсы салуы мүмкін. Алайда математика пәнінің мұғалімін ол қызықтырмауы ықтимал. Оның қолынан келетіні тек есеп шығара алмаған баланы есекке теңеп, басқа балалардың алдында күлкіге қалдыру болуы да ғажап емес. Бұл бала үшін ауыр соққы.

Сынақ
Мұнда ойлануға орын жоқ, шығармашылыққа да орын қалмайды. Бала тек тест нұсқаларының бірін ғана таңдай алады. Тисе терекке, тимесе бұтаққа.

Үй тапсырмасы
Әсіресе, өзіне сенімсіз бала үшін одан қорқынышты нәрсе жоқ. Тақтаға шығу да сахнаға шығудан кем емес. Үйден мүдірмей орындап келген тапсырманы тақтаға шығып айтып беруге қиналатын балалар да бар.

Бір сызықтан шықпау
Өзгелерден өзгеше болғың келе ме? Мектеп мұндайды қабылдай алмайды. Сөйлеу мәнерің, шашыңды жинауың, оның түсі, киген киімің – қайсысы болса да барлығымен бірдей болуы керек, таңдау жоқ. Елден ерекшеленбе – мектептің ұраны осы.

Жалығу
YouTube желісінен видео көру? Ойын ойнау? Қызықты әңгіме тыңдау? Жоқ, мектепте мұндай «ұсақ-түйекке» орын жоқ. Күн сайын бір сарынмен қайталанатын пәндер, басқа ештеңе жоқ. Бала физикалық құбылыстарға қызығушылық танытқанымен, мектептегі физика пәніне қызыға алмайды.

Мектеп мектептен кейінгі өмірге дайындамайды
Мұнда тіпті қай мамандық иесі немен айналысатынын да үйретпейді, он бір жыл алған білімің өмірлік бағытыңды таңдауға көмектеспейді. Экономика пәнінен қаржылық сауатыңды арттыра алмайсың, құқық пәнінен өз құқығыңды қорғауды үйренбейсің.
Міне, мектеп оқушыларының айтатын шағымы осындай. Әрине, мектептің жақсы жақтары да көп, алайда кемшілігі аз емес.

Зерттеген: Қызылорда Ньюс ақпарат агенттігі 
07 желтоқсан 2019 ж. 875 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031