» » Үш жасар бүлдіршін автокөлік иесі атанды

Үш жасар бүлдіршін автокөлік иесі атанды


Нұр-Сұлтан қаласының үш жасар тұрғыны Диана Әлиева рождестволық жәрмеңкенің бас жүлдесі – автокөліктің иесі атанды
Жеңімпаздың анасы Эльвира Әлиева қайырымдылық жәрмеңкесінде ойнатылған үш билетті де қызы таңдағанын жеткізді. Солардың бірінен ұтыс шыққан, деп жазады Sputnik Қазақстан.
«Лотереяға ешқашан қатысқан емеспін, әділ ойналатынына сенбейтін едім. Осы жолы қайырымдылық жәрмеңкесі болған соң, қатысуға бел будым. Күтпеген жерден жеңімпаз атандық. Бұл билеттерді менің қызым таңдады. Сондықтан автокөлік те соның ұтысы»,- дейді астаналық әйел.
Eң ірі ұтыс – көгілдір түсті 2019 жылғы Lada Granta автокөлігі. Оны «Азия Автомен» бірігіп Ресей елшілігі ұсынған.
Сондай-ақ, елордалықтар лотереядан Лондон, Париж, Франкфурт, Рига, Таллин, Токио, Әбу-Даби, Шарджу, Бангкок қалаларына саяхат, Карпаты және Карловы Варыдағы қонақ үйлерде демалыс, тағы басқа көптеген қымбат және эксклюзивті жүлделер ұтып алды.
Биыл рождестволық қайырымдылық жәрмеңкесі 12-ші рет өтіп отыр.
Жыл сайынғы іс-шара түрлі қайырымдылық жобалары мен ұйымдарға қаражат жинайды. Сондай-ақ, жәрмеңкеге қатысатын ондаған елшілікке өз елінің мәдениеті мен ұлттық тағамын таныстыруға мүмкіндік береді.
02 желтоқсан 2019 ж. 929 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 385
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 177

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930