» » Акция аясында 210 мыңнан астам чек жіберілді

Акция аясында 210 мыңнан астам чек жіберілді

"Чек талап ет те, жүлде ұтып ал!" акциясы аясында 210 мыңнан аса чек жіберілді деп хабарлайды Kazakhstan Today.
Қазіргі уақытта жеңімпаз болып 1 мыңнан аса адам аталды. Олар 5000 дейінгі сыйақыға ие болды.
Мемлекеттік кірістер комитеті "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп "Wipon" мобильді қосымшасы арқылы "Чек талап ет те, жүлде ұтып ал!" ақциясын жалғастыруда.
Ағымдағы жылғы 21 тамыздан 27 қазанға дейінгі кезеңде акцияға 11 203 пайдаланушы қатысқан, олар 210 726 чек жолдаған, көрсетілген кезең 1 157 жеңімпаз анықталды, ең көп жеңімпаздар саны Қостанай облысында - 157 жеңімпаз, Алматы облысында - 135 жеңімпаз, Маңғыстау облысында - 103 жеңімпаз, Алматы қаласында - 99 жеңімпаз, Солтүстік Қазақстан облысында - 92 жеңімпаз, ШҚО - 86 жеңімпаз, Ақмола облысында 84 жеңімпаз, Нұр-Сұлтан қаласында - 66 жеңімпаз анықталды.
Акцияға қатысу үшін онлайн БКМ чектерін қабылдау ағымдағы жылғы 21 тамыздан 30 қарашаға дейінгі кезеңде жүзеге асырылатынын еске саламыз.
Акцияға онлайн-БКМ фискальды чегінің деректерін ұсыну жолымен тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сатып алуын растаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Чекті жөнелткеннен кейін қатысушыда 5000 теңгеге дейін өз теңгеріміне қаражат ұтып алу мүмкіндігі болады. Жедел жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайды. Сондай-ақ барлық жөнелтілген чектер акцияның бас жүлде ұтысы - автомобильде қатысады.
Сондай-ақ БКМ фискалдық чегін бермеген жағдайда, азаматтар осы бұзушылықтарға бейне материалдарды қоса бере отырып шағым жөнелтуі мүмкін.
Айта кетейік, акция азаматтық белсенділікті арттыруға, азаматтардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тұтынушы ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде құқықтық мәдениеттерін тәрбиелеуге, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқартуға, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында адал бәсекеге қабілеттілікті ынталандыруға бағытталған
02 қараша 2019 ж. 85 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (9840)

12 қараша 2019 ж.

№87 (9839)

09 қараша 2019 ж.

№86 (9838)

05 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Ашық есік күні өтеді

Ашық есік күні өтеді

12 қараша 2019 ж.

Мәдениет

Туған жерге тағзым

Туған жерге тағзым

12 қараша 2019 ж.
Мейірім шуағы

Мейірім шуағы

11 қараша 2019 ж.
Сәлем саған, ақ ордам

Сәлем саған, ақ ордам

26 қыркүйек 2019 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930